ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ТЕРІС ҚЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аңдатпа
Мақала соттың қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдану жөніндегі қызметінде ерекше орын алатын жаза тағайындау мәселелеріне және 2014 жылғы ҚР Қылмыстық кодексіндегі жаза тағайындау институтының құқықтық реттелу деңгейіне қылмыстық құқық ғылымының әсерін көрсетуге арналған. Жаза тағайындаудың субъектілері мен объектісі мәселесін көтере келе, автор жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің талаптарына егжей-тегжейлі тоқталады: қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп танылған адамға әділ жаза тағайындау; жаза тағайындаудың заңнамалық шектерін сақтау; тағайындалған жазаның мақсатқа лайықтылығын қамтамасыз ету; жазаны үнемдеп тағайындау; қылмыстық құқық бұзушылық пен оны жасаған адамның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жазаны жеке даралау. Аталған талаптардың мазмұнын тым кең мағынада түсінетін ғалымдардың ұстанымына сыни баға беріледі. Жаза тағайындаудың жалпы ережелерін талдау авторға қылмыстық теріс қылық санатының енгізілуіне орай жаза тағайындау институты түбегейлі тұрғыдан қайта қарауға ұшыраған жоқ деген ой қорытуға негіз берген. Соған қарамастан, қылмыстық заңның жеңілдетуші мән-жайлардың тізімін бекітетін және қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау тәртібін реттейтін нормаларының қылмыстық теріс қылықтар үшін жаза тағайындау бөлігінде кейбір ерекшеліктері бар. Автордың пікірінше, осы ерекшеліктерді жаза тағайындаудың жалпы негіздерінің отандық қылмыстық заңнама үшін дәстүрлі талаптарымен қатар ескере отырып тағайындалған жаза ғана қылмыстық теріс қылықтар үшін тағайындалған жазалардың әділ, заңды әрі негізді болуын қамтамасыз ете алады.
Түйін сөздер: қылмыстық теріс қылық, жазалар жүйесі, қылмыстық құқық бұзушылық, жазаның түрлері, жаза тағайындау тәжірибесі.
