Қылмыстық жазаның жаңа түрі ретіндегі азаматтықтан айыру
Аңдатпа
Мақала авторы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру сияқты жаңа қосымша
жаза түрімен 2017 жылында толықтырылған қылмыстық жазалар жүйесін қарастырады.
Қылмыстық жазаның осы түрін енгізу террористік қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікті
белгілейтін бірқатар баптардың санкцияларында көзделген. Қылмыстық құқықтың бұл өзгерісі
конституциялық жаңалықтардың нәтижесі болды. Азаматтық әрқашан адам және азаматтың
құқықтық мәртебесінің негізі болып саналатын. Тиісінше, қылмыстардың белгілі бір түрлерін
жасағаны үшін азаматтықтан айыру мүмкіндігі алдымен конституциялық деңгейде бекітілді.
Осындай заң өзгерістерінің жарамдылық мәселелері талқыланады. Жазаның осы түрін
қолданудың нәтижесі қандай болады, мұндай жазаның қолданылуы әділдік пен негізділік
қағидаттарына қаншалықты сәйкес келеді – бұл зерттеуші жауап іздейтін басты сұрақтар.
Терроризм мен экстремизмді болдырмау үшін мемлекет алдын-алу шараларына, мәжбүрлеуге
емес, сендірудің әдісіне басымдық беруі керек. Бүгінгі террористік қатерлердің шынайылығын
түсіне отырып, автор қылмыстық жаза ретінде азаматтықтан айыру қажеттілігін мойындайды.
Сонымен қатар, мұндай жазаны кейбір аса ауыр қылмыстардың санкцияларында ғана белгілеу
қажеттілігі туралы қорытынды жасалады.
Түйін сөздер: қылмыстық жаза, жазалардың жүйесі, негізгі және қосымша жазалар,
азаматтық, азаматтықтан айыру.
