АҚТҚ/ЖҚТБ-ны жұқтырумен байланысты құрбандар мен қылмыскердің тұлғасына криминологиялық талдау
Аңдатпа
Мақаланың мақсаты – АҚТҚ/ЖҚТБ-ны жұқтырумен байланысты құрбандар мен қылмыскердің
тұлғасын криминологиялық тұрғыдан ашып көрсету.
Тұлғаның жеке әлеуметтік-демографиялық, психологиялық, биологиялық белгілеріне талдау
жасау негізінде, авторлар қылмыскердің тұлғасын анықтайды – яғни АҚТҚ/ЖҚТБ-ны жұқтырумен
байланысты сау адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін зиянды қасақана келтіретін
адамның тұлғасын анықтайды. Сонымен бірге авторлар ҚР ҚК 118-бабы бойынша қылмыс
құрбандары мен қылмыскердің тұлғасының типологиясын жасады.
Авторлардың пікірінше, ҚР ҚК 118-бабы бойынша қылмыскердің іс-қимылы жәбірленушінің
өзінің қылмысқа дейін қалыптасқан өзара қарым-қатынасына тікелей байланысты. Бірқатар
зерттеушілердің пікірінше, 29%-ға дейінгі қылмыстар жәбірленушінің өзінің әрекеттеріне қарай
немесе жәбірленушінің өзінің қатысуымен жасалады.
Зерттеушілердің пікірінше, АҚТҚ/ЖҚТБ-ны жұқтырумен байланысты қылмыстарды зерттеу
туралы ақпарат басқа қылмыстарды ашу, алдын алу, анықтау үшін қажет. Сондықтан қылмыскердің
тұлғасын тек қана қылмыстың алдын алумен байланыстыруға, ал ол сипаттамаларды тек қана
психологиялық деп айтуға болмайды. Тиісті деректердің психологиялық маңызы олардың
қылмыстық-құқықтық, криминологиялық және процессуалдық маңызын жоймайды.
Түйін сөздер: қылмыскердің тұлғасы, қылмыскердің тұлғасының типологиясы, қылмыстағы
жәбірленуші, жәбірленушінің типологиясы, виктимділік, виктимді әрекет.
