Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Қазақстанның қылмыстық саясаты

Авторлар

  • G.M. Atakhanova
  • K. Aratuly
  • A.K. Abitaeva

Аңдатпа

 

Қазіргі таңда ақпараттық сауаттылық пен қауіпсіздік Қазақстанда шынайы түрде төменгі дәрежеде, сол себепті осы саладағы мәселелер аса өзекті болып отыр. Саяси-құқықтық құбылыс ретіндегі мемлекет пен қоғамның дамуы әрқашан белгілі бір тарихи және аумақтық факторларда жүзеге асырылады. Сонымен қатар сол мемлекет, қоғам және адам үшін қауіп төндіретін құбылыстар үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Қазіргі заманауи тенденциялар бүгінгі таңда XXI ғасырдағы Қазақстанға, оның ұлттық қауіпсіздігіне жаңа нысандағы қорқыныш туралы еске салады, соның ішінде маңыздылардың бірі болып ақпараттық қауіпсіздіктің мәселелері табылады. Ғылыми зерттеудің мақсаты аталған саладағы Қазақстан Республикасының ақпараттық
қауіпсіздігін халықаралық құқықтық қатынастармен біріктіре отырып, өткені мен болашағын
әдістемелік тәсілдермен талдау жүргізу болып табылады.
ҚР Президенті өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында сандық технологияны
қолдану арқылы құрылатын жаңа өнеркәсіптерді өркендету туралы, оның маңызды кешенді
міндет екендігін, сонымен қатар осыған орай заңнаманы жаңа жағдайларға бейімдеу керек
екендігін атап өткен болатын. Және де ҚР Үкіметі ІТ саласын дамыту мәселесіне ерекше
көңіл бөлуі және бақылауда ұстауы тиіс екендігіне тоқталып кеткен болатын. Сонымен қатар
Елбасы ақпараттандыру мен ақпараттық технологияларға аса үлкен көңіл бөліп, мемлекеттің
басты мақсаттарының бірі ретінде ақпараттық қауіпсіздік екенін және ақпараттық қамтамасыз
етудің маңыздылығы жөнінде екенін бірнеше рет атап өтеді. Осының барлығы, өз кезегінде,
қарастырылып отырған бағыттағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстың аса маңыздылығы
мен қажеттілігін түсіндіреді.
Мақаланың ғылыми құндылығы тікелей және айқын, себебі қазіргі қоғамда ақпарат пен
ақпараттық қауіпсіздік ең маңызды болмаса да, маңыздылардың бірі болып саналады, оның
дәлелі ретінде әлемде әрі виртуалды ғаламторда соңғы онжылдықтардың ішінде болып жатқан
көптеген оқиғалар мен ғылыми жетістіктер сипаттап келеді.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы қоғам мен мемлекеттің тәжірибелік құқықтық
жүйесінің осындай зерттеу жұмыстарына сұранысы мен қажеттілігі болып келеді.
Түйін сөздер: қылмыстық саясат, ҚР Президентінің жолдауы, ақпарат, ақпараттық қауіпсіздік,
ақпараттық жүйелер, халықаралық қауіпсіздік, ақпараттық технологиялар, компьютерлік
қылмыстар.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-09

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY