Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігі тұжырымдамасын анықтаудың теориялық тәсілдемелері

Авторлар

  • D.S. Smagulova
  • A.K. Dzangabulova

Аңдатпа

Мақалада энергетикалық қауіпсіздіктің тұжырымдамасын анықтаудағы негізгі теориялық
тәсілдемелер қарастырылған, отандық және шетелдік авторлардың Қазақстан Республикасында
және одан тыс жерлерде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін зерделеуіне
талдау жасалады. Энергетикалық қауіпсіздіктің авторлық анықтамасы, сондай-ақ ұлттық және
энергетикалық қауіпсіздік арасындағы байланыс қарастырылады. Энергия XXI ғасырдың ғаламдық
сценарийінде халықтың, қоғамның, сайып келгенде, адамзат өркениетінің экономикалық
өсуін және орнықты дамуын қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі болғандықтан,
энергетиканы стратегиялық тауар ретінде қарастыруға және энергетика саласындағы ұлттық,
аймақтық және ғаламдық стратегияларды талдау шұғыл қажет. Энергетикалық қауіпсіздік және
ұлттық қауіпсіздік бір-бірімен тығыз байланысты, біріншінің қауіп-қатерлері соңғысының қаупіне
айналуы мүмкін.
Түйін сөздер: қауіпсіздік, ұлттық қауіпсіздік, энергетикалық қауіпсіздік, экономикалық
қауіпсіздік, экологиялық қауіпсіздік, отын-энергетикалық кешен, энергетикалық ресурстар, жер
қойнауын пайдалану.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-09

Журналдың саны

Бөлім

NATURAL RESOURCE AND ENVIRONMENTAL LAW