Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет институтының генезисі мен даму кезеңдері жайында
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет институтының генезисі, қалыптасуы және даму кезеңдері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің түрлі аспектілердегі түсінігі қарастырылады. Қазақстанда жаңа мемлекеттіліктің пайда болуына байланысты мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді қамтамасыз ететін жария-құқықтық институт ретінде мемлекеттік қызметтің маңызы мен рөлі үнемі өсіп келеді. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік саясаттың мақсаттарына қол жеткізудің нақты стратегиялық бөлігі болып табылады. Республикадағы мемлекеттік биліктің тиімді жүйесін қалыптастыру, заң үстемдігінің стандарттарына сәйкес, мемлекеттік қызмет институтын дамытумен үнемі байланысты. Жұмыста англо-саксондық және роман-германдық құқықтық жүйелердегі кейбір мемлекеттердің мемлекеттік қызмет институтының қалыптасуы мен ерекшеліктері талданған. Сонымен қатар, мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық мәртебесiн және аталған құқықтық институттың өзге негізгі компоненттерін айқындайтын, қызметті анықтаудың маңызды құралы болып табылатын мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасы
