Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың соттар жүйесінің даму сатылары
Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар соттарының дамуының кәмелетке толмағандар юстициясының негізгі жүйесі ретіндегі талдау жүргізілді. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдардың бала құқықтарын қорғаудағы қазіргі тетігін құруына әсер етуі зерттелуде. Бұл жұмыстың мақсаты, сот әділдігіне жіберу саласындағы кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстанның халықаралық міндеттерді өздеріне алуға байланысты жүзеге асыруды талдау болып табылады. Қазақстанның кәмелетке толмағандардың сот әділдігінің тарихи- құқықтық мазмұнының қалыптасуы арқылы мәселелерін талдау. Жұмысты жазу кезінде
жалпытеориялық және оқып білудің ғылыми әдістері, дәлірек айтсақ, салыстырмалы-құқықтық, тарихи, арнайы заңи, нақты-құқықтық және логикалық әдістер қолданылды. Зерттеудің ғылыми және тәжірибелік маңызы алынған нәтижелер мен қорытындылардан көрінеді.
Кәмелетке толмағандардың сот әділеттілік маселесіне ғылыми қызығушылық, осы саладағы жалғастырушы реформалармен байланысты, әсіресе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетігін жетілдірудің отандық және халықаралық бастамаларымен олардың құқыққорғау органдарымен арақатынасынан байқауға болады. Қорыта келе, бұл мақалада, осы саладағы толық көлемді жұмыстардың өткізілуіне қарамастан, кәмелетке толмағандардыңсот әділдігі жүйесіндегі ұйымдардың үлкен кешенді мәселелердің болуы туралы нәтижелер көрсетілді. Мақалада, Қазақстандағы кәмелетке толмағандар соттарының жүйесінің құрылуы және дамуының негізгі сатыларына байланысты талдау жүргізілді, сонымен бірге, мемлекеттік және құқық қорғау ұйымдары алдындағы тапсырмалар анықталды. Мақаланың тәжірибелік мәселесі Қазақстан Республикасының заңдарының жетілдірілген нәтижелерін алуды пайдалану
мүмкіндіктерінде көрініс табады және кәмелетке толмағандарды заңи жауапкершілікке тартудың құқықтық қолдану қызметінен байқалады.
Түйін сөздер: кәмелетке толмағандар, кәмелетке толмағандардың сот әділдігі, Пекин
ережелері.
