Қазақстандағы ювеналды әділет жүйесінің қалыптасуына халықаралық тәжірибенің әсері

Авторлар

  • A.E. Zhatkanbaeva
  • A.K. Berdibaeva
  • D.M. Baimakhanova
  • Maria Riekkinen

Аңдатпа

Бұл мақалада кәмелет жасқа толмағандардың құқықтық жауапкершілігі туралы Қазақстан Республикасының процессуалдық және материалдық заңнамасына және оның дамуына бірқатар шетмемлекеттер тәжірибесі мен халықаралық заңнаманың тұтастай алғандағы әсеріне талдау
жасалынады. Жұмыстың мақсаты Қазақстандағы кәмелет жасқа толмағандарға қатысты сот
әділдігін жүзеге асыру аясында міндеттілікке алынған халықаралық міндеттемелерді іске
асырылуына талдау жасау болып отыр. Сондай-ақ, ювеналды әділеттің әлемдік жүйесінің басты
түрлерінің оңды және теріс әсерін зерттеу арқылы Қазақстандағы ювеналды әділеттің даму
мәселелерін зерттеу болып табылады. Жұмысты жазу барысында жалпы теориялық және танымның
нақты ғылыми: диалектикалық, салыстырмалы-құқықтық, тарихи, формалды-догматикалық
(арнайы құқықтық), нақты-құқықтық және қисынды әдістері қолданылады. Ювеналды әділетке
деген жоғары қызығушылық бұл аяда болып жатқан созылмалы реформалармен байланысты
болып отыр. Ювеналды соттар жүйесінің жұмысы Қазақстанның қол қойған халықаралық
келісімдер талаптарына тұспа тұс келетін, шешуді қажет ететін мәселелерді анықтады, бұл тергеу
барысында, жазасын өтеу барысында, сондай-ақ балаларды әлеуметтендіру барысында жоғары
медициналық, құқықтық, психологиялық қызмет көрсетуден көрінеді. Нәтижесінде, мақалада
халықаралық нормаларды одан әрі іске асырудың және ісжүргізудің барлық сатыларында
орындау және де қылмысты, қылмыстық іс жүргізушілік, әкімшілік және отбасы заңнамалары
нормаларын жетілдіру қажеттілігі туралы қорытынды жасалынды. Мақалада ювеналды
жүйелердің әлемде қабылданған басты түрлеріне талдау жасалынды. Олардың оң және теріс
аспектілерін бөліп көрсету арқылы авторлар отандық моделін дамытуға байланысты тәжірибелік
ұсыныстар жасау мүмкіндігіне ие болды. Мақаланың тәжірибелік мәні алынған нәтижелерді
Қазақстан Республикасының бала құқығы туралы күші жүріп тұрған заңнамасын жетілдіруге,
сондай-ақ, кәмелет жасқа толмағандарды құқықтық жауапкершілікке тарту барысындағы
құқыққолданушылық тәжірибеде пайдалануға болатындығында.
Түйін сөздер: кәмелет жасқа толмағандар, ювеналды әділет, Пекин ережелері.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-08

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW