ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДА ОЗОН ҚАБАТЫН ҚОРҒАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ200261226Аңдатпа
Мақалада жаһандық экологиялық басқарудың цифрлық трансформация жағдайында озон қабатын халықаралық-құқықтық қорғау тетіктерінің даму үрдістері кешенді түрде талданады. Озон қабатын қорғаудың негізгі құқықтық іргетасын құрайтын 1985 жылғы Вена конвенциясы мен 1987 жылғы Монреаль хаттамасының құқықтық табиғаты, олардың орындалуын қамтамасыз ету механизмдері және халықаралық қауымдастықта цифрлық технологияларды қолданудың құқықтық практикаға ықпалы жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында цифрлық мониторинг, электрондық есептілік, деректерге негізделген талдау және қадағалау құралдарының озон қабатын қорғаудың дәстүрлі құқықтық парадигмасын өзгерту үдерісі ашық көрсетіледі. Сонымен қатар, Еуропалық Одақ, Қытай Халық Республикасы және Қазақстан Республикасының ұлттық тәжірибелеріне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізіліп, олардың цифрлық экологиялық басқару әдістерінің тиімділігі, инновациялық шешімдері және құқықтық сәйкестігі бағаланады. Зерттеу нәтижелері цифрлық құралдарды халықаралық-құқықтық институттармен үйлестірудің негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді, сондай-ақ озон қабатын қорғаудың құқықтық жүйесін жетілдіруге бағытталған нақты ұсынымдар мен практикалық нұсқауларды ұсынады. Бұл зерттеу халықаралық құқық пен цифрлық экологиялық басқаруды интеграциялау тұрғысынан маңызды ғылыми және практикалық мәнге ие, сондай-ақ климаттық саясатты жетілдіруге қосқан үлесі зор.
Түйін сөздер: озон қабаты, халықаралық экологиялық құқық, цифрландыру, Монреаль хаттамасы, Вена конвенциясы, цифрлық мониторинг, құқықтық қадағалау.










