ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДА ЕАЭС МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РЕЖИМДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ: ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ПЕРСПЕКТИВАЛАР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/

Аңдатпа

Мақалада сыртқы экономикалық ортаның трансформациясы жағдайында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі ұлттық режимді құқықтық реттеу қарастырылады. Зерттеу нысаны шаруашылық жүргізуші субъектілерді мемлекет мұқтажы үшін сатып алуға қатысуға жіберу тәртібін айқындайтын интеграциялық және ұлттық құқық нормалары болып табылады. Жұмыстың мақсаты ұлттық режим мазмұнының өзгеру заңдылықтарын анықтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы үшін оны қолданудың тәуекелдері мен перспективаларын айқындау болып табылады. Зерттеудің әдіснамалық негізі Одақтың шарттық-құқықтық базасын, сатып алуды реттеудің ұлттық тетіктерін талдауға және оларды шетелдік модельдермен салыстыруға мүмкіндік беретін ресми-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық және жүйелік әдістерден тұрады Нәтижесінде ұлттық режим қазіргі жағдайда мемлекеттердің интеграциялық міндеттемелері мен экономикалық қауіпсіздігін теңестірудің икемді құралына айнала отырып, әмбебап және сөзсіз қағидаттың сипаттамаларын жоғалтатыны анықталды.  Нәтижелердің практикалық маңыздылығы оларды мемлекеттік сатып алу туралы ұлттық заңнаманы жетілдіру, құқық қолдану практикасын қалыптастыру және интеграциялық органдар шеңберінде келісілген тәсілдерді әзірлеу кезінде пайдалану мүмкіндігінде жатыр. Ұлттық режим шектеулеріне жол беру критерийлерін нормативтік нақтылау және Одақтың сатып алу жүйесінде бақылауды күшейту қажеттілігі туралы қорытынды жасалды.

Түйін сөздер: ЕАЭО, трансшекаралық бәсекелестік, ұлттық режим, мемлекеттік сатып алу, интеграциялық құқық.

Автор өмірбаяндары

  • Н.Ш. Алдабергенов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Бәсекелестік және баға саясаты орталығының директоры, Нанкин университетінің профессоры

  • А.М. Бегжан, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеі

    (корреспондент авторы) – философия докторы (PhD), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық құқық кафедрасының доцентінің м.а.

  • А.Б. Отарбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    философия докторы (PhD), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы

Жарияланды

2026-06-18

Журналдың саны

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ