ҚАЗАҚСТАНДА КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯЛАРДЫ РЕТТЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/Аңдатпа
Мақала қазіргі таңда қарқынды түрде дамып келе жатқан креативті индустрияларды реттеудің құқықтық негіздерін талдауға бағытталған.
Әлеуметтік-мәдени дамуда айрықша орын алатын креативті индустрияларды реттеудің құқықтық аспектілерін зерттеу мемлекеттік шешімдер қабылдауда аса маңызды. Әсіресе жаһандық цифрландыру жағдайында креативті индустрия өкілдерінің зияткерлік меншігін, авторлық құқығын қорғау, арнайы құқықтық орта қалыптастыру мәселелері әрқашан да өзекті болып табылады.
Авторлар мақалада шетелдік тәжірибеге шолу жасай отырып, елдегі креативті индустрияның ағымдағы жағдайы мен оны құқықтық реттеуді жетілдіру мүмкіндіктерін зерделеген. SWOT-талдау құралы арқылы саланың мықты және әлсіз тұстарын, сондай-ақ даму мүмкіндіктері мен тәуекелдерін саралаған. Құқық қолдану тәжірибесін және креативті секторларды қолдаудың қолданыстағы нысандарын зерттеуде формальды құқықтық және салыстырмалы құқықтық талдау әдістері, сондай-ақ жалпы танымдық әдістер қолданылды.
Бұдан бөлек, мақалада креативті индустрияларды мемлекеттік басқару жүйесіне талдау жүргізіліп, мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздеріне шолу жасалған. Қазақстанда креативті индустриялардағы негізгі проблемалардың бірі авторлық құқықтың әлсіз қорғалуы және контентті монетизациялаудың қиындығы екені атап өтіледі. Сонымен бірге авторлар қолданыстағы заңнамалық тәсілдерге талдау жасап, шығармашылық нарыққа қатысушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған құқықтық тетіктерді жетілдіру бағыттарын ұсынады. Еліміздегі креативті сектордағы проблемалық мәселелерді ұтымды шешу үшін ұсынымдар әзірленді. Кешенді заңнамалық тәсілдің қажеттілігіне ерекше назар аударылады. Мақалада осы бағыттың салааралық сипатын, цифрлық ортаның ерекшеліктерін және шығармашыл кәсіпкерлердің қажеттіліктерін ескеретін креативті индустриялар туралы арнайы заң әзірлеудің орындылығы негізделеді.
Ғылыми мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын AP26193915 Турақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеужобасын іске асыру мақсатында дайындалды
Түйін сөздер: креативті индустриялар, құқықтық негіздер, мемлекеттік реттеу, авторлық құқық, зияткерлік меншік, заң, институционалдық негіз.










