ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК БЕЛГІЛЕЙТІН ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ТИІМДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/Аңдатпа
Бұл мақала Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің тұрақтылығы мен тиімділігін зерттеуге арналған. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық базасы, соның ішінде Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс, қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық нормалардың тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, қазіргі цифрландыру дәуірінде құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында заңнамалық нормаларды одан әрі жетілдіру, заманауи цифрлық технологияларды пайдалану және азаматтық қоғамның қатысуы арқылы экологиялық қылмыстарға қарсы кешенді шараларды қолдану мәселелері қарастырылады. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері қоршаған ортаны қорғау заңнамасының тұрақтылығын, оның практикалық тиімділігін және құқықтық нормалардың қоғамдағы орны мен маңыздылығын бағалауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: экологиялық құқық бұзушылық, қылмыстық жауапкершілік, әкімшілік жауапкершілік, Қазақстан Республикасы, қоршаған ортаны қорғау заңнамасы, цифрлық технологиялар, құқықтық тиімділік.










