ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ЦИФРЛЫҚ ЖАСЫРУҒА ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ: ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН ТӘУЕКЕЛГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН МОДЕЛЬ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ204111526

Аңдатпа

Қылмыстық сот төрелігінің цифрлық трансформациясы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау тәсілдерін ғана емес, олар туралы ақпаратты жасыру, өзгерту, тіркеуді кешіктіру немесе оны ресми есепке алудан шығару тетіктерін де өзгертеді. Зерттеуде қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаннан кейінгі цифрлық жасыру қарастырылып, Қазақстандағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламалардың цифрлық өмірлік цикліне прокурорлық қадағалаудың тәуекелге негізделген моделі ұсынылады. Зерттеу цифрлық технологиялардың жасыру тәсілдерін қалай өзгертетінін, қасақана жасыруды техникалық қателік пен процестік бұзушылықтан қалай ажыратуға болатынын және тәуекелге негізделген мониторинг үшін қандай кепілдіктер қажет екенін айқындауға бағытталған. Әдіснама формальды-заңдық, салыстырмалы-құқықтық, жүйелік, институционалдық және статистикалық тәсілдерді қамтиды. Эмпирикалық зерттеу 2020–2025 жылдардағы ресми статистиканы, 2021–2025 жылдардағы ҚР ҚК-нің 432, 433 және 434-баптары бойынша 50 сот актісін және 2026 жылдың бірінші тоқсандағы жасыру тәсілдері туралы ресми деректерді қамтиды. «Виртуалды жанасушылық» жаңа қылмыстық құқық бұзушылық құрамы емес, докториналық-талдамалық санат ретінде қарастырылады.

Түйін сөздер: прокурорлық қадағалау, қылмыстан кейінгі цифрлық жасыру, қылмыстарды тіркеу, цифрлық дәлелдемелер, тәуекелге негізделген мониторинг.

Автор өмірбаяндары

  • К. Агибаева

    Заң ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының докторанты

  • Г. Атаханова

    заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессоры

  • М. Пъеткевич

     PhD докторы, Вармия және Мазур университетінің оқытушысы

Жарияланды

2026-11-17

Журналдың саны

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА