ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҚЫЛАУ-ҚАДАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ПРОКУРАТУРАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ПРЕВЕНТИВТІК МОДЕЛІ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІКТЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ200411426

Аңдатпа

Зерттеу тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімінде (ЕРСОП) тексеруді немесе бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актіні тіркеу кәсіпкердің қызметіне заңсыз араласудың іс-шара басталғанға дейін алдын алуға мүмкіндік беретін құқықтық шарттарға арналған. Қазақстан Республикасының 2026 жылғы Конституциясы, 2026 жылғы редакциядағы «Прокуратура туралы» Конституциялық заң, Кәсіпкерлік кодекс және актілерді тіркеудің № 162 қағидалары талданды. Формальды-құқықтық, жүйелік-құрылымдық, функционалдық және салыстырмалы-құқықтық әдістер қолданылып, қазақстандық модель ресейлік және өзбекстандық модельдермен салыстырылды. Тіркеуді Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүзеге асыратыны, ал тіркеуден бас тарту превентивтік прокурорлық қадағалаудың бір нысаны болып табылатыны анықталды. Бас тартудың он екі негізі де іс-шара басталғанға дейін ұсынылған мәліметтер мен құжаттар арқылы айқындалады: алтауы деректемелерді салыстыру, алтауы құжаттарды құқықтық бағалау арқылы. Іс-шара басталғаннан кейін тіркелетін тексерулерге қатысты алдын алу мүмкіндігі шектеулі, мұндай жағдайларда прокурордың кейінгі ден қоюы қолданылады. «Мәліметтерді тіркеу – заңдылықты тексеру – кейінгі бақылау» үш кезеңді моделі, оны нақтылайтын ережелер және ЕРСОП қызметін бағалау көрсеткіштері ұсынылды.

Түйін сөздер: цифрландыру, мемлекеттік бақылау, прокурорлық қадағалау, тексерулерді цифрлық тіркеу, заңдылық.

Автор өмірбаяндары

  • Ә.Р. Жұмабек, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Қосшы, Қазақстан

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының 8D12301 «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының докторанты

  • Д.Т. Амуртаева, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Қосшы, Қазақстан

    заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының арнайы заң пәндері кафедрасының доценті

  • Н.Ш. Жемпиисов, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Қосшы, Қазақстан

    заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, аға әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры

Жарияланды

2026-11-17

Журналдың саны

Бөлім

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА