ӘКІМШІЛІК ӘДІЛЕТ ЖӘНЕ ЖАЛДАМАЛЫ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ: ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТОҒЫСУЛАР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ117120266%20

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы мен әкімшілік сот ісін жүргізу саласында жалдамалы жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың құқықтық негіздері мен тетіктері жан-жақты талданады. Зерттеу барысында еңбек қатынастарын реттеу мен қорғау ісінде маңызды рөл атқаратын уәкілетті мемлекеттік органдардың — мемлекеттік еңбек инспекциясының, прокуратураның және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің — өкілеттіктері мен олардың өзара іс-қимылы қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) аясында әкімшілік әділет жүйесінің еңбек қатынастарына ықпал ету әлеуеті зерттеліп, мемлекеттік органдардың актілері мен әрекеттерін (немесе әрекетсіздігін) даулаудың тиімді құқықтық құралы ретіндегі мүмкіндіктері сараланды. Мұндай талдау әкімшілік әділет тетіктерінің еңбек құқықтарын қорғаудағы рөлін айқындауға, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған институционалдық және нормативтік ұсыныстар әзірлеуге негіз болады. Бұл мақаланың мақсаты – әкімшілік әділетті жалдамалы жұмыскердің құқықтарын қорғаудың құқықтық құралы ретінде кешенді тұрғыда зерделеу.

Зерттеу еңбек құқықтарын қорғаудағы әкімшілік сот ісін жүргізудің және өзге де әкімшілік әділет тетіктерінің (сотқа дейінгі шағым беру, прокурорлық бақылау және өзге де институттар) рөлі айқындалады.

Зерттеу барысында ерекше назар халықаралық еңбек стандарттарына, атап айтқанда Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) конвенцияларына, Еуропалық адам құқықтары сотының шешімдеріне және Еуропалық Одақтың нормативтік актілеріне аударылды. Сонымен қатар Германия мен Францияның тәжірибелері негізінде әкімшілік рәсімдер арқылы еңбек құқықтарын қорғаудың тиімді үлгілері талданды. Отандық және шетелдік тәжірибелерді салыстырмалы түрде талдау нәтижесінде әкімшілік әділет жүйесін іске асыру барысында кездесетін құқықтық олқылықтар мен институционалдық қиындықтар анықталды. Осыған байланысты ұлттық заңнаманы жетілдіру, әкімшілік соттардың құзыретін нақтылау, сондай-ақ еңбек құқықтарын қорғаудағы әкімшілік рәсімдердің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Түйін сөздер: әкімшілік әділет, еңбек даулары, еңбек инспекциясы, әкімшілік рәсімдер, жария-құқықтық даулар, әкімшілік акт, мемлекеттік қызметкер.

Автор өмірбаяндары

  • Н. Исабай, Астана халықаралық университеті, Астана, Қазақстан

    Астана халықаралық университеті, Құқық жоғарғы мектебінің қауымдастырылған профессоры, PhD

  • Д.Б. Тебаев, Заңнама және құқықтық ақпарат институты, Астана, Қазақстан

    Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD 

  • М.К. Журунова, Астана халықаралық университеті, Астана, Қазақстан

    Астана халықаралық университеті, Құқық жоғарғы мектебінің аға оқытушысы, құқық магистрі

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW