ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ БОСҚЫНДАР ИНСТИТУТЫ САЛЫСТЫРМАЛЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Ж.С. Бердиярова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-4949-9522
  • А.А. Касымжанова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-1509-1614
  • Ш.А. Саймова ШЖҚ РМК «Парламентаризм институты», Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-9000-6136
  • А.С. Ибраева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-2946-6408
  • С.К. Есетова Q University, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-2858-3546

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ117120265%20

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі босқындар институтын халықаралық құқықтық стандарттар тұрғысынан зерттеуге арналған. Салыстырмалы-құқықтық талдау негізінде босқындардың мәртебесін реттейтін нормативтік құқықтық актілер қарастырылып, ұлттық заңнамадағы олқылықтар айқындалады және оларды халықаралық әмбебап міндеттемелермен үйлестіру жолдары ұсынылады. Босқын мәртебесін танудың құқықтық тетіктеріне, құқық кепілдіктеріне және әлеуметтік қорғауға қолжетімділік мәселелеріне ерекше назар аударылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1951 жылғы Конвенциясының, Еуропалық Одақ заңнамасының және БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті тәжірибесінің ықпалы талданады. Құқық қолдану тетіктерін институционалдық тұрғыдан нығайту және халықаралық стандарттарды ұлттық юрисдикцияға жүйелі түрде енгізу қажеттілігі туралы қорытындылар жасалады. Баспанa беру туралы өтініштерді қарау рәсімдерін жетілдірудің маңыздылығы, оның ішінде ашықтықты қамтамасыз ету, процестік әділдікті сақтау және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарының бірі болып табылатын кері қайтармау (non-refoulement) принципін сақтау қажеттілігі атап өтіледі. Сондай-ақ өтініштерді қарау кезеңінде баспана іздеуші тұлғалардың құқықтық мәртебесі мәселелеріне және оларға ең төменгі әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, босқындарды қорғау саласында Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығын кеңейтудің орындылығы туралы қорытынды жасалады. Бұл шетел мемлекеттерімен тәжірибе алмасуды, халықаралық бағдарламаларға қатысуды және озық тәжірибелерді бейімдеуді қамтиды.

  Түйін сөздер: босқын, баспана, құқықтық мәртебе, халықаралық құқық, Қазақстан, адам құқықтары, қорғау, имплементация.

Автор өмірбаяндары

  • Ж.С. Бердиярова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

    заң ғылымының кандидаты, конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының доцент м.а. , заң факультеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

  • А.А. Касымжанова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

    автор-корреспондент, PhD докторы, аға оқытушы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университеті

  • Ш.А. Саймова , ШЖҚ РМК «Парламентаризм институты», Астана, Қазақстан

    доктор PhD, ҚР Парламентаризм институтының жария заңнама және мемлекеттік басқару орталығының бастығы

  • А.С. Ибраева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    заң ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университеті

  • С.К. Есетова, Q University, Алматы, Қазақстан

    заң ғылымдарының кандидаты, Q University

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ