АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ117120268%20%20Аңдатпа
Цифрлық трансформация жағдайында елімізде сот жүйесінде соттардың жұмысында, оның ішінде процессуалдық құжаттарды дайындауда электронды форматқа енгізу, жасанды интеллектті пайдалану сот төрелігін дамытудың қажетті кезеңіне айналуда.
Заманауи цифрлық ақпараттық құралдардың сот жүйесіне енуі сәтті орындалып, қазіргі таңда электрондық сот өндірісінің нәтижесінде қағазбастылықтан арылып, сапалы жұмыс атқарылып, қоғамда сот ашықтығы мен әділдігіне, соттардың бейтараптығы мен тәуелсіздігіне сенім орныға бастады. Электрондық сот төрелігі жүйесінің элементтері азаматтық процестің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес соттардың істерді қарау және шешу кезінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану және пайдалану нысандары болып табылады.
Қазіргі таңдағы ақпараттық жүйелер саласындағы қарқынды даму эволюциясы қоғам өмiрiнiң барлық салаларын, оның iшiнде заң саласын да толықтай дерлік ақпараттандыруға әкелді. Жаңа технологияны өз жұмысында тиімді қолданып, цифрландыру жүйесі арқылы жетістіктерге жеткен саланың бірі – сот. Сот саласы үшін сандық технология – жеделдікті арттырудың, сот актілерінің ашықтығын қамтамасыз етудің, соттардың жүктемесін азайтудың, бюрократиялық қарым-қатынасты жоюдың, сайып келгенде соттарда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің мүмкіндігі болып табылады. Жасанды интеллект жүйесі тұлғаларға сот актілерін іздеуге және сот істерінің ықтимал аяқталуына болжауға мүмкіндік береді. Сот жүйесін цифрландыруға көшудің біртіндеп дамып, электрондық соттар мен электрондық сот ісін электрондық сот төрелігін енгізудің негізгі платформалары ретінде құрумен аяқталғанын көрсетеді.
Алайда, жаһандану жағдайындағы қарқынды дамып келе жатқан экономикалық қатынастар трансұлттық тұрғыдан да, әрбір тәуелсіз Мемлекет ішіндегі корпоративтік даулардың санын көбейтті. Қазақстан бұл логикалық құқықтық құбылыстан тыс қалмайды. Осыған байланысты сот қызметкерлерінің аналитикалық және ұйымдастырушылық-процестік жұмысының белгілі бір бағыттарын зерделеу және ЖИ-ді математикалық тұрғыдан дұрыс машиналық оқытуға көп көңіл бөлу қажет.
Авторлар зерттеуде талданған мәселелерді судьялардың белсенді қатысуы мен бақылауы, ұсынымдарды сот ісін жүргізудің нақты шарттарына бейімдеу, жасанды интеллект және блокчейн технологияларын интеграциялау арқылы шешуді ұсынады. Электрондық сот төрелігі жүйесін одан әрі дамыту үшін жасанды интеллект пен Blockchain технологияларын интеграциялау арқылы электрондық сот платформаларының функционалын дамыту маңызды. Тұтастай алғанда, бұл сот процестерінің қолжетімділігі мен тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал ететін болады.
Түйін сөздер: жасанды интеллект, электрондық сот жүйесі, корпоративтік даулар, aзaмaттық істердегі сот тaлқылaуы, цифрлық трансформация.










