ПЛАГИАТ ЖӘНЕ ТЕҢ АВТОРЛЫҚҚА МӘЖБҮРЛЕУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ117120269

Аңдатпа

Осы мақаланың шеңберінде авторлық құқықтың бұзылуына: плагиат пен тең авторлыққа мәжбүрлеуге ғылыми зерттеу жүргізілді. Плагиат деп айыптау жағдайлары айтарлықтай жиі кездесетініне қарамастан, «плагиат», «түпнұсқалық», «дәйексөз алу» терминдерінің заңнамалық анықтамасының жоқтығына назар аударған жөн.

Сондай-ақ мақалада ғылыми журналдар редакциясының саясаты шеңберінде рецензиялауға жіберілетін рецензенттерді мақалалардың тең авторы болуға мәжбүрлеу жағдайлары талданады. Автор рецензенттің осы әрекеттерін ҚР Қылмыстық кодексінің 198-бабына сәйкес авторлық құқықты бұзу деп есептеледі ме деген сұрақ қояды.

Мақаланың авторы өз құқықтары мен авторлардың заңды мүдделерін қорғау мақсатында сот лингвистикалық (филологиялық) және автортану сараптамаларын жүргізу туралы мәселелерді көтереді. Осы мәселелерді талдай отырып, автор бұл сын-қатерлерге жауапты азаматтық құқық доктринасы ғана емес, сот сараптамасы мен қылмыстық құқық та тұжырымдауға тиіс деген қорытындыға келеді. Осыған байланысты, автордың пікірінше, қылмыстық-құқықтық доктринада плагиат пен тең авторлыққа мәжбүрлеудің нақты түсінігін зерттеп дайындау керек, сондай-ақ плагиат пен тең авторлыққа мәжбүрлеу нәтижесінде авторлардың жеке мүліктік емес құқықтары бұзылатынын түсіну қажет.

Автор жеке мүліктік емес құқық ретінде авторлық құқығын қорғауға қатысты екі сот ісі пайда болуы мүмкін деген қорытындыны тұжырымдаған: 1) азаматтық, яғни авторлықты даулау туралы талап арыз беру және 2) қылмыстық, яғни авторлықты иемденіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу.

Түйін сөздер: плагиат, түпнұсқалық, алып пайдалану, мәжбүрлеу, тең авторлық, академиялық алаяқтық, ғылыми зерттеу, рецензент.

Автор өмірбаяны

  • А.А. Амангелді, Қонаев университеті, Алматы, Қазақстан

    заң ғылымдарының докторы, Қонаев университетінің профессоры

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

CIVIL LAW AND LABOR LAW