АДАМ МЕН АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІНДЕ ПОЛИЦИЯ МЕН АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ИНСТИТУТТАРЫНЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ

Авторлар

  • Л.Н. Ортамбаева М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясы, Қазақстан, Алматы қаласы https://orcid.org/0009-0007-7737-0391
  • С.А. Сейлханова М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясы Қазақстан, Алматы қаласы https://orcid.org/0009-0001-0020-0489
  • П.В. Ситников М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясы, Қазақстан, Алматы қаласы https://orcid.org/0009-0001-7378-7532

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ202410912

Аңдатпа

Мақала Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерінде полиция мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын қарастырады. Өзара іс-қимылдың қолданыстағы тәсілдері мен тетіктері талданады, сондай-ақ осы саланың проблемалары мен даму перспективалары анықталады. Мақалада азаматтық ұйымдардың құқық қорғау органдарының іс-әрекеттерінің заңдылығын бақылауға қатысуының маңыздылығына, сондай-ақ осы саладағы құқықтық реттеуді жетілдіру қажеттілігіне назар аударылады. Полиция мен азаматтық ұйымдардың өзара іс-қимылының практикалық аспектілеріне, оның ішінде құқық қорғау органдарына олардың жұмысына көмек көрсету және нақты жобалар мен іс-шаралар шеңберінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Мақаланың қорытындысында Қазақстандағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мүддесінде полиция мен азаматтық ұйымдардың өзара іс-қимылын үнемі жақсарту қажеттілігі туралы тұжырымдар жасалады.

Түйін сөздер: Азаматтық қоғам, құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар, құқықтарды қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, серіктестік, полицияның сервистік моделі.

Автор өмірбаяндары

  • Л.Н. Ортамбаева, М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясы, Қазақстан, Алматы қаласы

    (хат-хабарларға арналған автор) - Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының докторанты

  • С.А. Сейлханова, М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясы Қазақстан, Алматы қаласы

    Заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының аға оқытушысы

  • П.В. Ситников, М. Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясы, Қазақстан, Алматы қаласы

    заң ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасы ІІММ. Есболатов атындағы Алматы академиясының аға оқытушысы

Жарияланды

2024-04-15

Журналдың саны

Бөлім

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТАРИХЫ