Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.V95.I3.06Аңдатпа
Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі Қазақстан Республикасының Конституциясында, халықаралық шарттарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген бала құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу шаралары жүйесін жетілдіру мәселелерін қоса алғанда, бірқатар күрделі мәселелерді шешуді ұсынады. Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты алдын алуы әлемдік қоғамдастықтың бірі ретінде қылмысқа қарсы күрестің негізгі бағыттарын бағалайды. Қазақстандағы кәмелетке толмағандардың қылмыстылық проблемасы көптеген қызметтердің күш-жігеріне күқарамастан, қиын шешілетін қызметтердің бірі болып қалуда. Ескертумен түрлі сипаттағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар айналысады. Олардың ішінде ішкі істер органдары маңызды рөл атқарады, олардың құрамында осы желі бойынша мамандандырылған бөлімшелер жұмыс істейді. Бұл бағытта жұмыс үнемі жүргізілуде. Әрбір мемлекет әрбір бала, әрбір жасөспірім нағыз адам және өз елінің лайықты азаматы болып өсуіне мүдделі. Мемлекеттің қылмыстық саясаты қылмысқа бақылау жасаудың негізгі бағыттары мен нысандарын, мемлекеттің қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес жүргізуге уәкілетті органдар қызметінің нормаларын, әдістерін, міндеттері мен мазмұнын айқындайды. Қылмыстық саясат тұтастай алғанда жеке тұлғаның, азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, меншікті және басқару тәртібін, сот төрелігін, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғауға бағытталған. Сондықтан қылмыстық саясатты дұрыс қалыптастыру қылмысқа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады, мемлекеттің тұрақтылығына және азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Ол қылмыстық заңнаманың мазмұнын, қылмыстық жауапкершілік мәселелерін шешуін айқындайды, қылмыстық жазалардың мақсаттарын, жүйесі мен түрлерін, жазадан босату мүмкіндігі мен негіздерін, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын алдын алу шараларының жүйесін жетілдіру мәселелерін белгілейді. Бұл кездейсоқ емес, өйткені қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар қылмысын алдын алуды әлемдік қоғамдастық қылмысқа қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі ретінде бағалайды. Түйін сөздер: мемлекет саясаты, қылмыстылық, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы, алдын алу, құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен күрес.
