Қылмыстық сотөндірісіне қатысушы кәмелетке толмағанның процессуалдық мәртебесінің мәселелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.V95.I3.05

Аңдатпа

Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы әлеуметтік құбылыс ретінде және кәмелетке толмағандардың қатысуымен қылмыстық сотөндірісін жүргізу өзінің объективті себептеріне байланысты өзекті болып табылады. Кәмелетке толмағандардың жеке басының психофизиологиялық ерекшеліктері, аталмыш санаттағы қылмыстық процестік құқықтық қатынасқа түсушілердің арнайы құқықтық реттелуін қажет етеді. Бұл қылмыстық процеске қатысушы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін және міндеттерін сақтау арқылы ғана қол жеткізіледі. Қылмыстық сотөндірісін жүргізуде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің тиімді тетігін әзірлеу кәмелетке толмаған адамның жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып қана мүмкін болады. Кәмелетке толмаған адамның жеке басының ерекшеліктері оның қылмыстық сотөндірісін жүргізуде құқықтарын қамтамасыз ету тұжырымдамасын қалыптастыру басты назарда болып отыр. Аталған мақала аясында қойылған міндеттерді шешу барысында қылмыстық процеске қатысушылардың процессуалдық құқықтары мен міндеттерінің көлемі тұрғысынан талданып, қылмыстық процеске қатысушылардың ішінде кәмелетке толмағандардың процессуалдық мәртебесінде елеулі айырмашылықтардың бар екендігі және бұл кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылу қаупін тудыртуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Кәмелетке толмағандардың құқықтарының бұзылуы берілген құқықтарды жүзеге асыру кезінде нормативтік бекітілген, нақты, дәйекті тетігінің болмауынан көрсетеді. Нәтижесінде кәмелетке толмағандар іс жүзінде оларды іске асыруда іс жүргізу мүмкіндігінің болмауына байланысты нормативтік деңгейде жарияланған құқықтардан айырылуы мүмкін. Мақала шеңберінде осы бағыттағы заңнама мен сот-тергеу практикасын  жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстар енгізілді. Зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы кәмелетке толмағандардың мәртебесіне бірыңғай көзқарасты қалыптастыру, оның қылмыстық ісжүргізудегі процессуалдық мәртебесіне қарамастан, тәжірибеде оң нәтиже беруге бағытталуы. Бұл кәмелетке толмағандардың қатысуымен қылмыстық істерде сот ісін жүргізуде терминологиялық проблемаларды еңсеруден, бірыңғай практикасын қалыптастырудан және тиісінше қылмыстық процесте кәмелетке толмағандардың құқықтарын нақты қорғаудан көрініс табуды көздейді. Түйін сөздер: кәмелетке толмағандар, кәмелетке толмағанның процессуалдық мәртебесі, ювеналды әділет, кәмелетке толмаған кү

Жарияланды

2020-11-16