Қазақстан Республикасындағы тұрғын үйлерден ұрлаудың алдын алу және жолын кесу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v95.i3.04

Аңдатпа

Ұсынылған мақалада соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, біздің елімізде және көрші елдерде – Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасында, азаматтардың тұрғын үйлеріндегі ұрлықтарға ерекше назар аудара отырып, мүліктік қылмыстардың құрылымы, жағдайы және жалпы динамикасы зерттелген. Соңғы жылдарда ұрлау тұрақты жоғары деңгейде, ал мүлікті ұрлауы үлкен дәрежеде қылмыс деңгейінің елеулі бөлігі жасалады. Зерттелетін қылмыс түрінің жоғары көрсеткіштері барлық сегменттердің – саяси, экономикалық, әлеуметтік деңгейлердегі ауқымды өзгерістерге байланысты. COVID-19 коронавирусы індетінен туындаған экономикалық дағдарыс барлық жерде күшеюде, бұл азаматтардың материалдық әл-ауқатының деңгейін қатты төмендетеді, алкоголизм, нашақорлық және әрине жұмыссыздықтың өсуі байқалуда. Сонымен бірге, осы қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің жоғары дәрежесін атап өтеміз, бұл оларға қарсы күрес ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Статистика мәліметтері бойынша біздің елімізде және Қырғыз Республикасында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы саны артқан, сонымен бірге көршілес Ресей Федерациясында ол аз ауытқулармен шамамен бірдей деңгейде. Сонымен қатар, біздің еліміз мүлікке қарсы қылмыстар бойынша «көшбасшы» болып табылады. Орташа алғанда, біздің елімізде мүлікке қырсы қылмыстық құқық бұзушылықтары жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтардан 80% құрылады, Ресей Федерациясында – 57%, Қырғыз Республикасында – 41%. Тіркелген қылмыстардың саны біздің елімізге қарағанда Ресейде едәуір көп болғанда, мүлікке қарсы жасалған қылмыстардың жалпы саны Қазақстандағы ұқсас қылмыстардан төмен. Ресей Федерациясында мүлікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары жалпы ұрлау санынан орташа алғанда 69% құрылады, ал біздің елімізде – 75%. Қырғыз Республикасында барлық қылмыстардың үштен бірінен астамы мүлікке қарсы қылмыстар (орта есеппен 41%), оларда көбінесе ұрлау (орташа 89%) болды. Бұл Ресей мен Қазақстанға қарағанда едәуір жоғары. Ұрлау тіркелген қылмыстардың жалпы санының ауытқуларына қарамастан жоғары көрсеткіштерімен сипатталатыны түсінікті. Кішірек аумағы бар Қазақстан осы көрсеткіштер бойынша Ресеймен салыстырғанда одан озып отыр. Бұл жағдайды жақсартуға бағытталған тиімді шаралардың қабылдау қажеттілігін көрсетеді. Түйін сөздер: құқық бұзушылықтар, қылмыстылық, мемлекет, ұрлық, алдын алу

Жүктеулер

Жарияланды

2020-11-16