Қазақстанда радоннан қорғау мәселелер
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v95.i3.03Аңдатпа
Мақала Қазақстандағы радонға қарсы құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған ісшаралар кешеніне арналған. Дамыған елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы радон мәселесі тек қана көрініс табу үстінде. Радонға қарсы қорғау іс-шараларын Халықты радиациядан қорғау іс-шараларымен қатар қарау керек екені мәлім. Қазақстандағы радиоэкологиялық іс-шаралардың шиеленісуінің негізгі екі себебі бар. Біріншіден, Қазақстан Республикасы әлемдегі ең ірі уран шикізат базасының біріне ие. Ал екіншіден, 40 жыл бойы Кеңес Одағының ядролық сынақтар полигоны болып келді. Қазақстанда 1949 жылдың тамызынан бастап 659 атом жырылыстары, КСРО-да жүзеге асырылған барлық жарылыстардың 92%-ы жүзеге асырылған жалғыз мемлекет. Семей полигонында ауада жарылған барлық зарядтардың жиынтық қуаты (бұл жер асты жарылыстарын есептемегенде) 2,5 мың Хиросим бомбасына тең. Алайда, радиациядан қорғау іс-шаралары, соның ішінде радоннан қорғау шаралары еленбеді. Халықты радиациядан қорғауға бағытталған заңнамалық база болған жоқ. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ел әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, радиациядан қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қажетті нормативтік актілерді жасауға кірісті. Жүргізілген зерттеулер Қазақстанның радоннан қорғау саласында нормативтік базасы радиациядан қорғау жөніндегі Халықаралық комитеттің талаптарына сәйкес келетінін көрсетті. Алайда, бұл шындықтың теріс екені аңықталды, жалпы Қазақстан аумағында радонның бөлінуі туралы ақпарат жоқ екені, ал игеріліп жатқан уран кен орындарына жақын жерде жүргізілген мамандардың фрагменттік зерттеулері, жергілікті тұрғындардың радон мөлшерінің рұқсат етілген мөлшерден бірнеше есе асатын аумақтарда тұратынын көрсетті, дегенмен мемлекеттік органдар тарапынан шаралар қолданылмайтынын көрсетті, ал жергілікті азаматтар өз құқықтары туралы білмейді. Зерттеудің мақсаты Радонның және оның еншілес өнімдерінің адамдарға және қоршаған ортаға әсер ету тәуекелін төмендету бойынша қызметті құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігі мен жеткіліктілігін белгілеу, халықтың радон қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық тетігін жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу болып табылады. Түйін сөздер: радиация, радиациялық дозалар, радон, антирадон қорғау, радиациялық бақылау, радиациялық қорғау, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, заңдар, ережелер, халықаралық ұйымдар, Радиациялық қорғау жөніндегі халықаралық комиссия.
