Лаңкестікке қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v94.i2.15Аңдатпа
Мақалада лаңкестікке қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа және шетел мемлекеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі оң тәжірибесін қолданылуына қатысты мәселелер қарастырылады. Терроризм мен экстремизмді авторлар ұлттық қауіпсіздікке ғана емес, халықаралық қауіпсіздіктің негізгі қауіп-қатерлері ретінде бағалайды. Осы қауіптердің жаһандық сипатын мойындай отырып, халықаралық қоғамдастық терроризмге қарсы жалпы саясатты әзірлеуге тырысады, өйткені лаңкестікке қарсы шаралардың тиімділігі тек белсенді мемлекетаралық ынтымақтастықпен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының деңгейінде лаңкестікке және экстремизмге қарсы тұру саласындағы құқықтық ұғымдарды бірыңғай түсіндіруге, террористік сипаттағы қылмыстардың алдын алу және жолын кесудің жалпы механизмдерін құруға бағытталған бірқатар конвенциялар мен хаттамалар қабылданды. Мақалада авторлар осы халықаралық конвенциялардың негізгі ережелерін талдайды және олардың бүкіл әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңыздылығын бағалайды. Қазақстан Республикасы терроризмге қарсы күресте үлкен тәжірибесі жоқ екенін ескере отырып, көптеген жылдар бойы лаңкестік пен экстремизмге қарсы күресті жүзеге асырып жатқан шет мемлекеттердің заңнамасы мен құқық қорғау органдарының мен тәжірибесін зерделеу мәселелері ерекше мәнге ие. Терроризмге қарсы іс-қимылда әртүрлі мемлекеттердің іс жүзіндегі нормативтік құқықтық базасын және құзыретті органдарының практикалық тәжірибесін талдап отырған авторлар осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша өз ұсыныстарын негіздейді. Шетелдік тәжірибені зерделеу, оны жүйелендіру, Қазақстанның жағдайына бейімделу лаңкестік пен экстремизмге қарсы іс-әрекеттерді оңтайландыруға және мұндай күрестің құралдары мен әдістерін таңдауда ықтимал қателіктерді болдырмауға көмектеседі. Түйін сөздер: лаңкестік, экстремизм, халықаралық тәжірибе, халықаралық ынтымақтастық, лаңкестікке қарсы іс-қимыл, ұлттық қауіпсіздік.
