Криминалистикалық сараптаманың нәтижелерін қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуы және тергеу, қылмыскерлерді іздестіру үшiн пайдалану

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v94.i2.14

Аңдатпа

Зерттеу қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлел ретінде сот сараптамасының нәтижелері бойынша сарапшы пікірінің рөлін анықтауға және зерттеуге арналған. Зерттеу барысында біз келесі мақсаттарды көздедік: қылмыстық процестегі дәлелдемелер ұғымын анықтау; сараптама қорытындысының қылмыстық процестегі рөлін зерттеу; сот сараптамасы қорытындысының дәлелдеме ретінде маңыздылығын көрсете отырып, қорытындыны қылмыстың алдын алу үшін пайдаланудың негізгі тенденцияларын белгілейді. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының қылмыстық процесінде сот сараптамаларын жүргізудің ерекшеліктері анықталды. Практикалық маңыздылығы қылмыстық істерді ашу үшін сот сараптамасының нәтижелері туралы сарапшының қорытындысының практикалық маңыздылығын анықтаудан тұрады. Сондай-ақ, жұмыста сарапшылардың пікірлерін сапалы талдау көмегімен құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі бағыттары көрсетілген. Зерттеу барысында келесі әдістер қолданылды: диалектикалық әдіс; талдау, синтез, салыстырмалы-құқықтық, жеке құқық. Зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша істің мән-жайын анықтау үшін сот сараптамасын пайдаланудың негізгі бағыттары анықталды. Зерттеу жұмысы сот ісін жүргізудегі сот сараптамасының рөлін дамытуға айтарлықтай үлес қосады. Зерттеу жұмысы өзінің практикалық құндылығын дәлелдеді. Түйін сөздер: сараптама, дәлелдемелер, сарапшы, қылмыстық процесс, қылмыс.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-12

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY