Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің құрылымы туралы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v94.i2.13

Аңдатпа

Бұл мақалада криминалистика және сот сараптамасы ғылыми-қолданбалы және тәжірибелік ғылым саласындағы өзінің құрылымы мен маңыздылығы жағынан аса маңызды және қызықты мәселелерге қатысты сұрақтар қарастырылған. Оларға ақша-қағаз белгілері мен құжаттар және осы тектес өзге де құралдар жиі кездесетін қылмыстық құқық бұзушылықтарды тиімді және объективті тергеудің әдістері мен тәсілдерін зерттеуге және ашуға бағытталған мәселелерді жатқызамыз. Біз білетіндей, құжаттар әр адамның өмірінде үлкен және маңызды орын алады, ал қылмыстық әлемде олар әрдайым қылмыстық ойды жүзеге асырудың құралы немесе қылмыстық қол сұғушылықтың пәні болып табылады, сондықтан құжаттар заңға қайшы жасалатын әрекеттердің барлық көріністерінде қандайда бір мөлшерде кездесуі мүмкін. Соңғы онжылдықтарда криминалист-ғалымдар және зерттеушілер құжат айналымының манипуляцияларымен, қомақты қаржы мөлшерлерін талан-таражға салумен, түрлі мақсаттағы құжаттарды жалған жасаумен, жалпы айтқанда, кез келген қылмыстық әрекетпен байланысты тергеуге маңызды жағдайларды анықтау әдістері мен тәсілдерін зерттеп сәйкесінше қалыптастырып келеді. Бүгінгі таңда осы бағыттағы криминалистикалық зерттеулер үш негізгі саланы қалыптастырғанын атап өткен жөн, оларға – графология, сот автортану сараптамалық зерттеулері (қолжазбатану), сот сараптамасының тиісті түрлерімен тығыз байланысты құжаттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу. Түйін сөздер: криминалистика, сот сараптамасы, құжаттарды криминалистикалық зерттеу, қолжазбатану, криминалистикалық техника, жалған құжаттар жасау және т.б.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-12

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY