Қазақстан Республикасындағы және ЕАЭО-ның елдердегі еңбек шарттарын салыстырмалы талдауы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v94.i2.08Аңдатпа
Экономикалық байланыстарының жан-жақты кеңеюі, өзара тиімді саяси-әлеуметтік және мәдени ынтымақтастықтың біртұтастығы тарихи дамуы ортақ посткеңестік елдерге интеграциялық әріптестік мүмкіндіктеріне баса назар аударуға итермелеуде. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы негізінде құрылған еуразиялық экономикалық қауымдастық Еуразия құрлығындағы қуатты экономикалық блокты құру жолында жасалған алғаш нық қадам болды. Одан кейінгі Кедендік Одақ форматында кедендік шекаралардың біріктірілуі мен Ресей, Қазақстан және Белоруссияның біртұтас экономикалық кеңістік құруы бұл елдердің болашақтағы әлеуметтікэкономикалық жағынан жақындасуын дәлелдейді. Еуразиялық экономикалық одақ аумағында біртұтас еңбек нарығының құрылуы жаңа экономикалық одақ қызметін жүргізу және тиімді ынтымақтастасу мақсатында ЕАЭО елдерінің еңбек заңнамаларының жақындасуына әкеліп соғуы сөзсіз. Осыған байланысты бірыңғай еңбек заңнамасын, оның негізгі институттарын және оларға жататын еңбек шарттарын қалыптастырудың бағыттары мен тәсілдерін әзірлеуге байланысты мәселелер туындайды. Мақалада Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері заңнамаларындағы еңбек туралы еңбек шарттары ұғымы жайлы мәселелер және оның түрі мен тектік белгілері қарастырылады. Еуропалық одақтағы жекелеген елдер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің еңбек шарты арасында терминологияға қатысты салыстырмалы талдаулар жүргізілген. Түйін сөздер: еңбек шарты, еңбек қатынастары, Еуразиялық экономикалық одақ, үйлестіру
