Қазақстан Республикасында және шет елдерде нотариаттың пайда болуы мен дамуының ерекшеліктері: салыстырмалы құқықтық талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v94.i2.07Аңдатпа
Мақала ежелгі заң институттарының бірі – нотариаттық мекемеге арналған. Нотариаттар мемлекет пен құқықтың даму тарихында көптеген елдердің құқықтық жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені нотариустар атқаратын функцияларды қоғам объективті түрде талап етеді. Зерттеушілердің барлығы дерлік нотариаттардың бүкіл тарихы ежелгі Римнен басталады деген пікірде. Кейбір зерттеу авторлары нотариаттың тарихын талдағанда ежелгі Вавилонның заңды ескерткіштеріне, атап айтқанда Вавилон мемлекетінің патшасы шығарып, өз халқына өсиет ретінде қалдырылған Хаммурапи заңдарына назар аударған жөн. Зерттеушілердің пікірі бойынша, сол уақытта жазбаша түрдегі мәмілелер қатаң белгіленген, мемлекеттің барлық тұрғындарына тиесілі, орындауды талап ететін ережелерге сәйкес сазды тақшаларда жасалды. Тарихта орын алған мұрағаттағы дәлелдемелер зерттеу жұмысының негізін қалаған. Қазіргі әлемде нотариаттардың екі негізгі жүйесі бар. Бұл латын және англо-америкалық жүйелер ретінде айғақталған. Авторлар Қазақстандағы нотариаттар институтының дамуындағы белгілі кезеңдер Ресейдегі нотариаттардың дамуымен сәйкес келетіндігін айтады. 1991 жылдан бастап қазақстандық нотариаттардың тәуелсіз, егемен мемлекетте даму жолы басталды. Сонымен қатар келісім шарттарды аяқтау үшін жазбаның жазбаша негізде қолданылуын растайтын тарихи фактілер қарастырылады. Түйін сөздер: қоғам, мемлекет, заң, міндеттеме, кепілдік, сенімхат.
