ҚАЗАҚСТАН СПОРТЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МЕН ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • K.Zh. Kuandykov
  • D.Z. Kopbayev
  • S.T. Mauyaeva

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v94.i2.05

Аңдатпа

Мақала Қазақстанның спорт саласындағы медициналық қамтамасыз ету мен допингке қарсы күресті құқықтық реттеудің өзекті мәселелеріне арналған. Сонымен қатар, мақалада әлемдегі спорттағы допингке қарсы күрес пен медициналық қамтамасыз ету мәселелеріне талдау жасалған. Мақаланың мақсаты еліміздің спортшыларын медициналық қамтамасыз етілуі мен спорттағы допингке қарсы күресті жандандыру, осы мәселелерді шешудің нақты жолдарын айқындау болып табылады. Мақаланың тәжірибелік маңыздылығы спорт саласындағы заң шығарушылықты жетілдіру үшін талдаулар мен ұсыныстарды қолдану мүмкіндігінен тұрады. Зерттеу қорытындылары спорттағы медициналық қамтамасыз ету мен допингке қарсы күресті айқындауда, медицина мен спорт саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру үшін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің құқықтық актілерін дайындауда пайдаланылуы мүмкін. Мақаланың әдістемелік негізін жүйелілік, логикалық-заңдық, тарихи және нақты-әлеуметтік сияқты жалпы ғылыми және арнайы білім әдістері құрайды. Мақалада қазақстандық спорттың ең өзекті және күрделі мәселесі болып табылатын, спортшыларды медициналық қамтамасыз ету мен спорттағы допингке қарсы күрес мәселелерін шешудің нақты жолдары көрсетілген. Түйін сөздер: спорттық медицина, спорттық жарыс, дене шынықтыру және спорт, допингке қарсы күрес, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік, қазақстандық спорт, спортшылардың құқықтары.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-11

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW