Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас пен жақын серіктеспен қарым-қатынас сапасына жалпы генетикалық және қоршаған орта әсерін бағалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v93.i1.17

Аңдатпа

Бұл зерттеуде ата-аналар мен жас балалар арасындағы қарым-қатынастың және кейінгі
өмірдегі жақын серіктік қатынас сапасының генетикалық және экологиялық архитектурасы
қарастырылды. Генетикалық факторлар ана-баланың, әке-баланың жеке айырмашылықтарын
және жақын серікпен қарым-қатынастың сапасы туралы өзіндік есеп беруін түсіндіру дәрежесін
зерттеу үшін, АҚШ-тағы Midlife зерттеуінен (MIDUS) алынған, монозиготалық және бір жынысты
егіздердің үлгісін сұрыптау мақсатында бір өлшемді ACE жіктеуінің және екі өлшемді Холецкий
жіктеуінің модельдерінің сериясы таңдалды. Алынған нәтижелерге орай, генетикалық факторлар
ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының сапасы туралы (41%-ден 65%-ға дейін),
ересектер арасындағы жақын серікпен қарым-қатынас туралы (34%) және олардың арасында
ковариация туралы (81%-ден 83%-ға дейін) есептің айырмашылығын түсіндіреді. Қоршаған
ортадағы ортақ емес факторлар қалған ковариацияны құрады. Аталмыш зерттеу көрсеткендей,
ерте кезеңдегі ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін түсіндіретін
ұқсас генетикалық әсер ететін сипаттамалар, сонымен бірге есейген уақытта салауатты жақын
серікті қалыптастыру кезіндегі өзгерістерді түсіндіру кезінде де қатысады. Бұл нәтижелердің
келешектегі серіктестік қатынастар мен отбасылық қарым-қатынастардың сапасын зерттеу
нәтижелері талқыланады.
Түйін сөздер: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, жақын серікпен қарым-қатынас
сапасы, мінез-құлық генетикасы, ересектермен қарым-қатынас.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-05-01

Журналдың саны

Бөлім

INTERNATIONAL LAW