Құқыққорғау органдарының қызметіндегі полиграф
DOI:
10.26577/JAPJ.2020.v93.i1.15Аңдатпа
Бұл мақалада полиграфты (жалғандық детекторы) пайдалану кезінде құқық қорғау
органдарының қызметінде туындайтын негізгі проблемалар қарастырылады. Полиграфты
пайдалана отырып жүргізілген сауалнама стимулдың субъективті маңыздылығын бағалау
рәсімін білдіретіні дәлелденеді, осыған байланысты осы рәсімді отандық сот психологиялық
сараптамасының әдістері мен құралдары жүйесіне енгізу қажеттігі негізделеді. Бүгінгі күні
жасырылған ақпаратты психофизиологиялық анықтаудың аспаптық әдісі, басқаша айтқанда,
пполиграфты (жалғандық детекторы) пайдалана отырып тексеру Қазақстан Республикасында
кеңінен қолданылады. «Еуразиялық полиграфологтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің
деректері бойынша, 2015 жылы ғана Қазақстанның құқық қорғау органдары мен арнайы
қызметтері әртүрлі жүйелер мен модельдердің кемінде 75 жаңа полиграфиясын іске қосты.
Қауымдастықтың оқу орталығында бір жыл ішінде барлық құқық қорғау органдары үшін 168
полиграфолог маман даярланды.
Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану қылмыстың тез және тиімді ашылуына, сондай-
ақ сот қателіктерінің санын азайтуға ықпал ететінін атап өткен жөн. Криминалистика мен жедел-
іздестіру қызметінің тәжірибесінде басқа пәндерден алынған әдістерді қолдану үлкен маңызға
ие. Қазіргі уақытта әлемнің елуден астам елінде (АҚШ, Жапония, Канада, Израиль, Түркия,
Польша, Венгрия және т.б.) құқық қорғау органдарында полиграфтардың көмегімен қылмысқа
қатыстылығын анықтау мақсатында адамдардың психо-физиологиялық реакцияларын тіркеу
әдістері пайдаланылады.
Түйін сөздер: полиграф, жедел-іздестіру қызметі, жалғандық детекторы, қылмыстарды ашу
және тергеу, психо-физиологиялық әдіс.
