Қылмыстың алдын алуда, ашуда және тергеуде инновациялық технологияларды пайдалану
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v93.i1.13Аңдатпа
Бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, сондай-
ақ қамауға алынбай бұлтартпау шаралары қолданылған күдіктілердің, оның ішінде үй қамақта
жүрген адамдардың мінез-құлқын қадағалаудың электрондық құралдарын қолдану. Тұлғаны
іздеу және сәйкестендірудің электрондық құралдарының жүйелері. Құқық қорғау жүйесін
жаңғырту жаңа ақпараттық технологияларды белсенді енгізу кезінде оны артық бюрократиялық
рәсімдерден арылтып, сот төрелігін іске асыру процесін оңайлату құралдары бойынша жүзеге
асырылуға тиіс. Осы мақаланың мақсаты – жаңа компьютерлік бағдарламалар мен оларды
ішкі істер органдарының қызметінде қолдану. Мақалада сонымен бірге мамандардың арнайы
білімі мен дағдыларын, яғни қылмыстық процесте ғылыми-техникалық білім мен құралдарды
қолданудың әртүрлі деңгейіне қатысты айтылған. Компьютерлендіру сот-сараптама қызметі
субъектілері арасында тергеу барысында алынған соттық ақпараттың берілуін және алмасуын
жеделдетті. Тергеуші қылмыстарды тергеу кезінде мамандар мен сарапшылардың көмегіне
жүгінеді. Мамандар әртүрлі ғылым, технология, өнер және кәсіби шеберлік саласында жұмыс
істейді. Білімді адамдардың білімі мен дағдыларының көмегімен түрлі қылмыстар ашылады.
Түйін сөздер: инновациялық технологиялар, электрондық медиа-жүйелер, зияткерлік
технологиялар, қару түрі, ақпараттық технологиялар, даму, әсер ету.
