“Жер учаскесін игеру» анықтамасына байланысты ғылыми тұжырымдамалар және жерді мәжбүрлеп алып қою мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2020.v93.i1.11Аңдатпа
Бұл мақалада жерді мәжбүрлеп алып қою үшін маңызды болып табылатын «жерді игеру»
деген түсінікке байланысты ғылыми көзқарастар қарастырылған. Авторлар қазіргі уақытта
бұл мәселе аясында біртұтас түсінік жоқ екендігі жер туралы даудың көптігін, құқық қолдану
практикасында бірыңғай тәсілдердің жоқтығын тудыратындығын және жер иелері мен жер
пайдаланушылардың сенбеушілігі мен наразылығын туғызатын салдарын айтады.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы Қазақстан Республикасының Жер құқығы Ерекше
бөлігінің “жер учаскелеріне құқықтарды және жерге өзге де құқықтарды тоқтату” құқық
институтына жаңа серпін береді және дамытады, жер құқығы теориясын толықтырады, жаңа
зерттеушілер, ғалымдар, студенттер және басқа да мүдделі тұлғалар тарапынан қаралатын
проблемаларға қызығушылықтың дамуына ықпал етеді.
Осы зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңыздылығы – жер учаскелерін игермеуіне
байланысты меншік иесінен жер учаскесін және жер пайдаланушыдан жер пайдалану құқығын
алып қою кезінде бірыңғай тәжірибені қалыптастыруға ықпал етеді.
Мақалада шет елдердің заңнамаларына шолу және салыстырмалы талдау, әр түрлі ғылыми
көзқарастар мен көзқарастарға теориялық талдау, «жерді игеру» ұғымына автордың анықтамасын
қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының жер заңнамасын жетілдіру бойынша
практикалық ұсыныстар ұсынуға мүмкіндік беретін құқық қолдану практикасының талдауы
келтірілген.
Түйін сөздер: жер, меншік және басқа құқықтар, жерді мәжбүрлеп иеліктен шығару, жерді
игеру, өтемақы.
