Қазақстан Республикасының және шет елдердің акционерлік қоғамдарының салыстырмалы талдауы

Авторлар

DOI:

10.26577/JAPJ.2020.v93.i1.08

Аңдатпа

Қазақстандық және шет елдердің экономиканың нарықтық өзгеруі қазақстандық акционерлік
қоғамның құқықтық жағдайының қайта жаңғыруына себеп болды. Капиталды жинақтаудың
қажетті деңгейіне жеткен кез келген елдің нарықтық шаруашылығының неғұрлым маңызды
субъектілерінің қатарына шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар жатады.
Нарықтық өзгерістердің қазіргі жағдайында акционерлік қоғам кәсіпкерлік қызметтің
ұйымдық нысаны ретінде ерекше маңызға ие болады. Акционерлік қоғамның классикалық
функциясы капиталды тарту және ұзақ мерзімді шоғырландырудан тұрады. Капиталдың болуы
кәсіпорындар үшін маңызды. Акционерлік нысан қатысушылардың үлкен шеңберін жасырын
біріктіру үшін оңтайлы болып табылады, акцияларды шығару жолымен қосымша инвестициялар
тартуға мүмкіндік береді, капиталдың әртүрлі нысандары арасындағы айырмашылықтарды «алып
тастайды» және сол арқылы олардың саладан салаға құйылуын жеңілдетеді.
Экономикалық өсім инвестицияны қажет етеді. Еркін ресурстарды шоғырландырудың және
оларды инвестицияларға айналдырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі Акционерлік қоғамдар болып
табылады.
Зерттеу әдістері. Ғылыми зерттеудің әдіснамалық негізін ғылыми таным әдістерінің жиынтығы
құрайды, оның ішінде жетекші орынды диалектикалық әдіс алады. Осы ғылыми мақалада
танымның жалпы ғылыми әдістері пайдаланылды, оларға ең алдымен формальды-логикалық
әдістерді (талдау, синтез, индукция, дедукция, аналогия), сондай-ақ арнайы заңдық әдістерді
(формальды-заңдық, салыстырмалы құқықтану және жүйелік талдау әдісі) жатқызуға болады. Зерттеудің теориялық негізін акционерлік капиталды құқықтық реттеу мәселелері бойынша
ресейлік және қазақстандық ғалымдардың теориялық және ғылыми-практикалық жұмыстары,
акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру кезінде, оның ішінде акционерлік қоғамның меншік
иесі өзгергенде акционерлер құрылымының өзгеруі, сондай-ақ азаматтық және корпоративтік
заңнама теориясы саласындағы негізгі жұмыстар құрайды.
Түйін сөздер: акционерлік қоғам, заңды тұлға, кәсіпкер, жарғылық капитал, кәсіпорындар,
құқықтық жағдай, құру тәртібі, акционерлердің құқықтары мен міндеттері, акционерлік қоғам
органдарының құрылу және жұмыс істеу тәртібі.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-05-01

Журналдың саны

Бөлім

CIVIL LAW AND LABOR LAW