ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕРДЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ МӘМІЛЕЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
10.26577/JAPJ.2020.v93.i1.07Аңдатпа
Мақалада тек Қазақстан қоғамы мен нарығында ғана емес, бүкіл әлем бойынша ерекше
орынды иеленетін жаңа ақпараттық технологиялардың азаматтық құқықтық қатынастарға енгізілу
барысы баяндалады. Зерттеу бүгінгі таңда алыс қашықтықтан сауда-саттықпен айналысуға
мүмкіндік беретін Интернет арқылы жасалатын электрондық мәміліні (шарттарды) қарастырып
қана қоймай, Интернет – мәмілелердің алғашқы прототиптері қалыптасқан уақыттан басталады.
Сонымен бірге, мақалада электрондық мәмілелерге байланысты нормативтік құқықтық актілердің
қабылдану тарихы және АҚШ, Еуропа Одағы мемлекеттеріндегі, Қазақстан Республикасындағы
заңнамалық ерекшеліктері баяндалады.
Мақаланың мақсаты электрондық мәмілелердің пайда болуына әкеп соққан ақпараттық
технологияларға тоқталу, электрондық мәмілелердің Қазақстан және шетелдердегі пайда
болу тарихы анықтап, кезеңдерге бөлу және заңнамалық қалыптасу ерекшеліктерін айқындау.
Электрондық мәміле ұғымының құқықтық пайда болу тарихын зерттеу болып табылады.
Мақаланың әдістемелік негізін жүйелілік, логикалық-заңдық, тарихи және нақты-әлеуметтік
сияқты жалпы ғылыми және арнайы білім әдістері құрайды.
Мақаланың тәжірибелік маңыздылығы электрондық мәмілелердің қалыптасу тарихын
мемлекеттер ішінде салыстыру арқылы электрондық сауда (коммерция) саласындағы заңнаманы
барынша жетілдіру үшін талдаулар мен ұсыныстарды қолдану мүмкіндігінен тұрады. Зерттеу
қорытындылары электрондық мәмілелер ұғымын тәжірибеде талдауда, студенттерге түсіндіру
барысында пайдаланылуы мүмкін.
Мақалада қарастырылған теориялық негіздер, мазмұны мен қорытындылары азаматтық
құқық пен контракт құқығының көптеген бөлімдерін толықтырады және дамытады.
Түйін сөздер: электрондық мәміле, интернет ресурстары, ақпараттық технологиялар,
электрондық құжат.
