Нельсон Мандела Ережелері: қамауға алынған адамдарға қатысты жаңартылған стандарттарды талдау

Авторлар

  • R.E. Jansaraeva
  • M.Sh. Kurmangali

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v92.i4.012

Аңдатпа

Аңдатпа. Мақалада Нельсон Мандела Ережелерінің қамауға алынған адамдардың құқықтарына
қатысты жаңартылған стандарттар талданады. Ереженің жаңа нұсқасы 2015 жылы
мақұлданған. Ғылыми мақаланың мақсаты – Қазақстанның заңгерлер қауымдастығының назарын
халықаралық стандарттардағы өзгерістерге және сотталғандардың құқықтарына қатысты жаңа
көзқарастарға аудару. Мақаланың бірінші бөлімінде Қамауға алынған адамдардың құқықтарына
қатысты түрме қызметкерлеріне арналған БҰҰ ең төменгі стандартты ережелеріне 9 салада
енгізілген стандарттарға шолу жасалған. Екінші бөлімде авторлар осы БҰҰ құжатына енгізілген
өзгерістердің ғылыми талдауын жасап, олар туралы бастапқы тұжырымдарын ұсынады.
Мақаланың үшінші бөлімі қамауға алынған адамдардың құқықтарына қатысты ең төменгі
стандарттарды Қазақстанның ұлттық жүйесіне енгізудің тұжырымдық мәселелеріне арналған.
Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы жаңартылған ережелердің мазмұнын
ғылыми талдаудан тұрады. Мақаланың негізгі нәтижелері мен тұжырымдары келесіден көрініс
тапқан. Авторлар Нельсон Мандела Ережелері маңыздылығын атап, оның бүкіл әлемдегі
мемлекеттердің саясаты, заңдары мен тәжірибесін дамытуға айтарлықтай әсер ететінін
қорытындылайды. Мақаланы жазу барысында логикалық, формальды-құқықтық және жүйелік
зерттеу әдістері қолданылды. Мақаланың маңыздылығы ҚР-дың пенитенциарлық ғылымы
мен құқығының мәселелерін дамытуға үлес қосуында. Жұмыс нәтижелерінің тәжірибелік
маңыздылығы Қазақстанның ұлттық жүйесінде қарастырылған стандарттарды енгізу мүмкіндігін
ғылыми негіздеу.
Түйін сөздер: Нельсон Мандела Ережелері, қамауға алынған адамдарға қатысты халықаралық-
құқықтық стандарттар, пенитенциарлық мекемелер, халықаралық пенитенциарлық құқық,
ҚР қылмыстық-атқару заңнамасы, ҚР қылмыстық-атқару жүйесі.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-01-27

Журналдың саны

Бөлім

INTERNATIONAL LAW