Қазақстан Республикасында жедел-іздестіру заңнамасының қалыптасу тарихы туралы сауалға
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v92.i4.010Аңдатпа
Аңдатпа. Мақалада Қазақстан Республикасында жедел-іздестіру заңнамасының пайда
болу және даму кезеңдері қарастырылады. Зерттеу нысаны – Қазақстан Республикасының
жедел-іздестіру заңнамасының қалыптасуы мен дамуының тарихи, теориялық және
ұйымдастырушылық-басқарушылық аспектілері. Ғылыми мақаланың әдіснамалық негізі
әлеуметтік-құқықтық құбылыстарды зерттеудің жүйелік-құрылымдық, салыстырмалы
құқықтық, логикалық және теориялық әдістері болып табылады. Бұл ғылыми негіздемелер
ғылыми жариялау аясында зерттеу нәтижелерінің объективтілігіне қол жеткізу үшін жан-жақты
қолданылды. Ғылыми жаңалық автордың құқық қорғау органдарының іздестіру жұмыстарының
ұйымдастырушылық негіздерін зерттеу тәсілдерін кеңейту мүмкіндігімен байланысты
бірқатар өзекті мәселелерді зерттегендігінде жатыр. Қазақстан Республикасындағы жедел-
іздестіру қызметін құқықтық реттеу мәселелері жаңартылуда. Зерттеуді жүргізу кезінде
автор Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының Қылмыстық
іс жүргізу кодексінің және «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының
Заңының ережелеріне негізделді. Ең бастысы жедел іздестіру жұмыстарының одан әрі дамуын
алдын ала анықтаған жедел құрылымдар құрылымының өзара байланысы және олардың оны
ұйымдастыру, құқықтық мәртебесін айқындау және шоғырландыру, қылмыспен күрестегі өзгеретін мақсаттар мен міндеттерді ескере отырып ұйымдастырушылық-басқарушылық
мәселелерді зерттеу саласындағы үйлесімділігі.
Түйін сөздер: жедел-іздестіру қызметі, жедел-іздестіру заңнамасы, қылмыстық тергеу,
жасырын күштер, қылмысқа қарсы күрес құралдары мен әдістері.
