Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа және оған қарсы іс-қимыл шаралары
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v92.i4.09Аңдатпа
Аңдатпа. Ұсынылған мақалада соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтер негізінде
еліміздегі және жақын шетелдердегі (Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасы) сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтарының құрылымы, жағдайы және жалпы динамикасы зерттелген.
Еліміздегі және көршіле Ресей Федерациясында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың
жалпы саны төмендеді (мысалы, Қазақстан Республикасында – 2016 жылы тіркелген
361689-дан 2018 жылы 292286-ға дейін; Ресей Федерациясында – 2016 жылы тіркелген 2 160
063-тен 2018 жылы тіркелген 1 991 532-ге дейін), ал Қырғыз Республикасында осы көрсеткіш
өсті (2016 жылы тіркелген 27481-ден 2018 жылы тіркелген 29718-ге дейін). Алайда Қазақстан
Республикасында мен Ресей Федерациясында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың үлесі
шамамен бірдей деңгейде, ал Қырғыз Республикасында ол төмендейді (2016 жылғы 4,1%-дан
2018 жылы 3,3%-ға дейін).
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысының құрылымында
пара алу және беру, қызмет бабында жалған құжат жасау, лауазымдық өкілеттіктерді теріс
пайдалану, алаяқтық, немесе бөтеннің сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз пайдалану және ысырап
ету сияқты қылмыстар басым болды. Жақын шетелдерде (Ресей Федерациясы және Қырғыз
Республикасы) жағдай түбегейлі айырмалшылығы жоқ – екі мемлекетте де парақорлық басым.
Зерттелген барлыққа жуық елдерде сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің деңгейі бірдей
(28-31). Алайда, 2018 жылдың соңында Қазақстан 31 ұпай жинап, Ресей Федерациясынан озып
кетіп, 124-ші орынға ие болды және Орталық Азия елдері арасында көшбасшылық орынға
ие болды. Яғни, республика бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың үлесі
бұрынғы деңгейде болғанына қарамастан, белгілі бір оң үрдістер байқалды. Басқаша айтқанда,
мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылдаған іс-қимыл шаралардың кешені өз
нәтижесін беруде.
Түйін сөздер: сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар, қылмыс, пара, мемлекет.
