Қазақстан Республикасында ішкі істер органдары қызметінің имидж және қоғам сенімі туралы мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v92.i4.03Аңдатпа
Бұл мақалада полиция қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін және имиджін көтерумен
байланысты сұрақтар қарастырылған. Мақалада, полицияның азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғауда бірінші және құқықбұзушылармен де бірінші болып кездесетіндігі
туралы, сондай-ақ, құқықтық мемлекетте полиция құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясын
және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ескерту және алдын алу шараларын
қолдануға бағдарланғандығы туралы қорытынды негізделген.
Авторлар бүкіл әлемде полиция қызметінің азаматтық қоғамдағы ерекше ашық назарда
болатын келелі мәселе екендігін қарастырған. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және
мемлекеттік пәрменділікті жүзеге асыруда полициядағы әкімшілік өзін-өзі басқаруды шектеу,
олардың қызмет бөліністерінің бағыттарын анықтау, полицияның қызметінің құзырлылығын
айқындайтын құқық нормаларына, нормативтік бекітілген актілерге қатысты байланысты.
Зерттеу обьектісі болып, ішкі істер құқық қорғау органдарындағы полиция қызметімен
байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар танылады. Берілген анықтамалық мағынаға
сәйкес обьекті негізінде зерттеу пәні анықталған. Бұл полиция қызметінің беделін және
құқықтық мәдениетін көтерумен байланысты туындаған өзекті сұрақтар. Қарастырылып жатқан
зерттеудің мақсаты – полиция орган ретінде қызметінің қоғам алдында беделі мен сенімін
көтеруге байланысты ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Түйін сөздер: полиция, бедел, сенім, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, моральдық
бастаулар.
