Азаматтардың ақпараттық құқықтарын қорғау заң ғылымының ба ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v92.i4.02Аңдатпа
Мақалада қазіргі жағдайда азаматтардың ақпараттық құқықтарын қорғауды жаңарту
себептері талданады. Ақпараттандыру, содан кейін цифрландыру мемлекетке тиімді басқаруды
қамтамасыз ету және ұлттық және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау үшін барлық қажетті ақпаратты
жинауға мүмкіндік береді. Алайда, жеке тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігі мәселелері барлық
жағынан толық қорғалмаған: технологиялық, техникалық, процедуралық, құқықтық және т.б.
Ақпараттық құқықтар құрылымын талдау негізінде адамның ақпаратты қорғауға құқығының
мазмұнын қайта қарау қажеттілігі туралы қорытынды жасалады. Жеке тұлғаның ақпараттық
қауіпсіздігінің заманауи мәселелерін зерттеу негізінде автор конституциялық және ақпараттық
құқық саласындағы бірқатар ұсыныстар ұсынады. Атап айтқанда, адам құқықтарының классикалық
теориясына түзетулер ұсынылды. Дәлірек айтсақ, ақпараттық құқықтарды, атап айтқанда жеке
құқықтардың бүкіл кешенін жекелеген құқықтар ұрпағына бөлу ұсынылады. Автордың пікірінше,
мұндай тәсіл әлемдік қоғамдастықтың құқықтық қорғау, халықаралық конвенцияларды әзірлеу
мәселелерін шешуге жан-жақты қатынасын қамтамасыз етеді және олардың барлық деңгейде
орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Түйін сөздер: ақпарат, ақпараттық құқықтар, ақпаратттық құқықтарды қорғау, ақпараттық
қауіпсіздік, тұлғаның құқықтарын қорғау.
