Қазақ дәстүрлі құқығы бойынша жазалау жүйесіндегі өлім жазасы

Авторлар

  • G.R. Useinova
  • K.R. Useinova
  • A.T. Bazarbaeva
  • A.E. Zhainak

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v92.i4.01

Аңдатпа

Бұл бап қазақтардың дәстүрлі құқығындағы өлім жаза институтының зерттеуіне және
талдауына арналған. Қазақ халқының дәстүрлі құқығы көшпелі өмір салты мен саяси-заңдық
құрылыстың ықпалымен құрылды.
Көшпелі қазақтар қоғамының қылмыстық құқығына екі негізгі қағиданың бар болуы тән.
Олар – ұжымдық рулық жауапкершілік және композиция қағидасы.
Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңінде қазақтардың кәдімгі құқығында келесі жазалау
жүйесі пайда болды: өлім жазасы, дене жазалары, масқаралау жазалары, кінәлінінің жәбірленген
жаққа беріліуі, рулық қауымнан қуылу, кун, және айып.
Кәдімгі-заңдық ережелердің талдауы өлім жазасының кәдімгі заңдық құқық бойынша
орындалуы өте сирек кездескендігін көрсетеді. Бұл тек құрылтайдың – халықтық жиналыстың
шешімімен орындалған. Бұл ереже 18 ғасырға дейін жетті.
18 ғасырдың екінші жартысынан бастап, хандар мен сұлтандар қазақ қауымында өлім жазасын
жиірек орындай бастады, өздерінің саяси жауларына да қарсы, қайраттанып бағынбағандарға да
қарсы.
Тарихи-құқықтық әдебиеттің талдауы Ориалық Азияның және Қазақстанның дәстүрлік
құқықтық жүйелерінде өлім жазасының талай түрлерінің болғанын көрсетеді.
Түйін сөздер: құқық, қоғам, дәстүр, құн, айып, өлім жазасы.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-01-21

Журналдың саны

Бөлім

THEORY AND HISTORY OF STATE AND LAW