Ауыл шаруашылық ынтымақтастығын дамытудың құқықтық мәселелері: жаңа тәсілдер мен перспективалар

Авторлар

  • I. Nesipbayeva
  • L.K. Yerkinbayeva
  • Peeter M. М. Järvelaid

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v91.i3.08

Аңдатпа

Бұл мақалада шет елдердің заңнамаларын салыстырмалы құқықтық талдау негізінде Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықтың құқықтық мәселелерін талқылайды. Зерттеудің объектісі – ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың әлеуметтік қатынастары. Зерттеудің тақырыбы – Қазақстан Республикасының және шет елдердің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы заңнамасы. Зерттеудің мақсаты – аграрлық ынтымақтастықтың салыстырмалы құқықтық талдауы; МКҰ талаптарын зерделеу, Қазақстан Республикасының заңнамасында құқықтық мәселелер мен кемшіліктерді айқындау, заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу. 2014 жылы ЭЫДҰ (Экономи калық ынтымақтастық және даму ұйымы) Қазақстандағы ауылшаруашылық кооперация ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстар жасады. Олар үш негізгі бағытта ұсынылды. Біріншіден, кооперация саласындағы құқықтық базаны жетілдіру. Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты реформалаудың екінші бағыты ақпараттық және білім беру қызметтерін, оның ішінде мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыруды және статистикалық мониторинг жүйесін ұйымдастыруды күшейту болып табылады. Үшіншісі – қаржылық қолдау. Бұл мақалада ЭЫДҰ ұсыныстарын іске асыру жағдайы зерттелген.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-03

Журналдың саны

Бөлім

NATURAL RESOURCE AND ENVIRONMENTAL LAW