Қазақстан Республикасындағы көші-қон қатынастарын мемлекеттік-құқықтық реттеу: теория және практика мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v91.i3.06Аңдатпа
Бұл мақалада көші-қон қатынастарын мемлекеттік-құқықтық реттеудің теориялық және практикалық мәселелері қарастырылады. Қазіргі уақытта барлық елдер көші-қон проблемаларына тап болып отыр. Әлемде көші-қон ағындары белсенді түрде ұлғаюда. Көшіп-қонушылардың құқықтарын қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонға қарсы күрес жүргізу, көші-қон қатынастарын реттеуді жетілдіру өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Авторлардың пікірінше, көшіқон қатынастары мәселелерін адамзаттың жаһандық проблемаларына жатқызуға болады. Мақалада Қазақстан Республикасындағы көші-қон жағдайының жалпы сипаттамасы берілген. Республика үлкен транзиттік-көші-қон торабына айналатыны туралы қорытынды жасалды. Осыған байланысты ішкі сын-қатерлер туындайды, демографиялық теңгерімсіздік күшейе түседі, еңбек өнімділігінде теңгерімсіздік байқалады, сондай-ақ заңсыз көші-қонның өсуі байқалады. Сарапшылар біздің елдегі көші-қон жағдайын біркелкі емес деп бағалайды. Мақалада Қазақстан Республикасындағы көші-қон процесін сипаттайтын статистикалық деректер кеңінен қолданылады. Көші-қон қатынастарын мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды бірыңғай есепке алудың республикалық жүйесін қалыптастыру ұсынылады, олардың орналасу және жинақы тұратын орындары туралы, олардың ішінен этникалық және басқа негізде диаспоралар мен қауымдастықтарды қалыптастыру туралы ақпаратты қамтиды. Шешімі талап етілетін мәселе ретінде заңсыз мигранттарды шығарып жіберу жағдайын белгілейміз. Бұл жерде Ішкі істер органдары осындай іс-әрекеттерді арнайы қаржыландыруы қажет. Қолданыстағы әкімшілік заңнамада мұндай ақша қаражаты көзделмеген. Бұл көбінесе шетел азаматтарын ұстауға арнайы бейімделген ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарында оларды ұзақ уақыт қамауда заңсыз ұстауға әкеп соғады.
