Ұлттық қауiпсiздiкке қауiп-қатерлер моделі

Авторлар

  • B.B. Yergaziev
  • Е.Т. Bazarov
  • U.Е. Smailova

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v91.i3.02

Аңдатпа

«Қауiп-қатерлер» түсінігі ұлттық қауіпсіздік теориясы негіздерінің бірі болып табылады. Қауiп-қатерлерді айқындау әр түрлі негативті процестер мен факторларға әсер ету іс-шараларын әзірлеу және жүзеге асыру үшін, сондай-ақ, осыған жауапты мемлекеттік органдарының функциялары мен құрылымын анықтауға негіз болып табылады. Ғылыми әдебиеттерде ұлттық қауiпсiздiк қауiп-қатерлерін зерттеу жұмыстары жеке әлеуметтік қарым-қатынастар тұрғыдан өткізіледі. Осыған байланысты жүйелі тұрғыдан қауiп-қатерлер туралы бір тұтас пікір қалыптастыру мәселесі туындалады. Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң қауiпқатерлерден қорғалуының жай-күйiн болжау нәтижелерінің және олардың ықтималдығының мемлекеттік құрылыс мақсаттарына әсер ету дәрежесіне байланысты анықталатыны туралы қорытынды жасалынды. Баяндалғанды ескере отырып, зерттеу шартты түрде екі бөлікке бөлінген. Біріншісі ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатердің құрылымдық элементтері ерекшеленеді және негізделеді. Екінші кезеңде қауіптерді жіктеу тәсілдері жүйеленеді. Объектінің қандай да бір моделін құру оның ұғымына сүйенеді. Өз кезегінде, “ұлттық қауіпсіздікке қатер” ұғымын зерттеу үшін “ұғым” термині нені білдіреді, ол қандай ережелер бойынша қалыптасатынын анықтау қажеттілігі туындайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-11-28

Журналдың саны

Бөлім

THEORY AND HISTORY OF STATE AND LAW