Қылмыстық қудалаудың басталуын анықтау мәселелері

Авторлар

  • Н Н Султанов
  • А Г Кан
  • В. А. Азаров

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v90.i2.016

Аңдатпа

Мақала қылмыстық қудалаудың басталу сәтін зерттеуге, оның ерекшеліктері мен құқықтық табиғатын анықтауға арналған. Жүргізілген зерттеу негізінде қылмыстық процесте қылмыстық қудалаудың басталу сәтін анықтаудың негізгі теориялық тәсілдері талданды. Арнайы заң әдебиеттерін талдау қылмыстық қудалаудың басталуына қатысты бірнеше негізгі ұстанымдарды айқындауға мүмкіндік береді. Бірқатар ғалымдар қылмыстық қудалаудың басталуы деп қылмыстық іс қозғауды (Қазақстанда – қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды (хабарламаны, баянатты) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеу не бірінші кезек күттірмейтін тергеу әрекетін жүргізу); басқалары – қылмыстық істе нақты адам (сезікті немесе айыпталушы) пайда болған сәттен бастап; үшіншілері – адамға қатысты іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолданған сәттен басталады деп санайды. Қылмыстық қудалаудың басталуына қатысты авторлық позиция қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған, оның ішінде жедел-іздестіру қызметі барысында анықталуы мүмкін, осыған байланысты қылмыстарды анықтауға және ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу қылмыстық қудалауды жүргізудің басталғанын куәландырады. Осылайша, құқыққа қарсы әрекетті анықтау, атап айтқанда оны анықтау және жолын кесу «жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында да жүзеге асырылуы мүмкін. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қылмыстық қудалау әруақытта процессуалдық сипатқа ие бола бермейді деген қорытынды жасалды. Сонымен қатар, мақалада осы саладағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдалған. Мақаланың ғылыми-әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР ҚПК, сонымен қатар Қазақстанның және шет елдердің атақты ғалым процессуалистерінің еңбектері құрайды. Түйін сөздер: қылмыстық қудалау, айыптау, сезікті, айыпталушы, қылмыстық іс жүргізуші орган, іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары, қылмыстық құқық бұзушылық, жедел іздестіру қызметі, қылмыстық іс жүргізу заңнамасы.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-25

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY