Жарғыш құрылғының қылмыстық-құқықтық түсініктемесін анықтау сұрағы туралы

Авторлар

  • O.Kh. Smailov

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v90.i2.011

Аңдатпа

Мақалада автор жарғыш құрылғылар көмегімен қылмыстық құқық бұзушылық жасау әдістерін ғылыми негізделген талдау жүргізу мәселесін көтереді. Автор өз мақаласында жарғыш құрылғыларды қолданумен қылмыстық әрекеттер жасаудың әдеттегі тәсілдерін анықтап, оларды саралайды және негізгі сипаттамаларын анықтайды. Қазіргі жағдайда құқық қорғау органдарының қызметкерлері террористік және экстремистік ұйымдардың қылмыстық іс-әрекеттерін нақты қарқындатуымен бетпе-бет кездескен, олардың заңсыз қызметі барысында жарғыш құрылғылар кеңінен қолдануда. Тиісінше, жарғыш құрылғыларды пайдаланумен жасалған қылмыстарға қарсы тұру мәселелері ерекше өзектілікке ие болды. Жарғыш құрылғыларды қолданумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың жалпы әдістерін зерттеу туралы мәселе тек ғылымитеориялық ғана емес, сонымен бірге қолданбалы тұрғыдан маңызды. Жарғыш құрылғыларды қолданумен қылмыстық құқық бұзушылықтардың тіркелуі қоғамдағы қылмыстылық деңгейінің артуын көрсететін факторлардың бірі болып табылады. Жарғыш құрылғыларды қолданумен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді шараларды әзірлеу қазіргі уақытта ғылыми зерттеулердің перспективалық бағыттарының бірі болып табылады, өйткені әлемде қылмыстық айналымдағы жарғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарды пайдаланатын түрлі лаңкестік және экстремистік ұйымдардың қылмыстық белсенділігі өсуде. Жарғыш құрылғыларды қолдану арқылы әртүрлі құқық бұзушылық жасау әдістерінің типтік сипаттамаларын белгілеу ұқсас әрекеттерді анықтауға және оларға белгілі бір адамдардың қатысуы туралы сенімді қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, қылмыстық істі тез және дұрыс ашу үшін жарғыш құрылғыларды қолданумен жасалған қылмысты жасау әдісін жанжақты зерделеу қажет. Түйін сөздер: оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарғыш құрылғылар, қару, қылмыстық-құқық бұзушылықты жасау әдісі.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-25

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY