Агроөнеркәсіп кешенінің заңнамалық сипаты мен жаңартылу бағыты

Авторлар

  • G.А. Kuаnаliyеvа
  • G.K. Shulаnbеkоvа
  • N.S. Jеtibаеv
  • А. Lаvnichаk

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v90.i2.09

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) құқықтық мәртебесінің теориялық және практикалық аспектілері талқыланады. Агроөнеркәсіптік кешен ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен, оларды өңдеу және тұтынушыға жеткізумен айналысатын экономиканың барлық секторларын біріктіреді. Табиғи, климаттық және географиялық ерекшеліктері, сондайақ жергілікті халықтың дәстүрлі еңбек дағдылары мен нақты жағдайлары арқасында Қазақстан ұзақ жылдар бойы ірі мал шаруашылығы елдерінің бірі болып саналады. Қазақстанда халықтың жартысына жуығы ауылда тұрады, бірақ ауыл шаруашылығы ең әлсіз сектор болып табылады, ол реформаның дұрыс таңдалған, дәйекті көзқарасын талап етеді. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы тұтастай алғанда ұлттық экономикаға да, жекелеген салаларға да табысты қызметтің жалпыға ортақ өлшемі ретінде қарастырылады, ал агроөнеркәсіп кешенінің тиімді қызметі өндірушілердің, тұтынушылардың және әлеуетті инвесторлардың мүдделерін толығымен қанағаттандырады. Авторлар зерттелетін мәселенің өзектілігіне назар аударады, Қазақстанның экономикасындағы агроөнеркәсіп кешенінің орны мен рөлін анықтайды, сондай-ақ ғалымдардың түрлі көзқарастарын салыстыру арқылы авторлардың өз анықтамасы беріледі және осы саладағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жолдары ұсынылады. Мақалада Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің кешенді шешімі мен компоненттерін талап ететін өндірістік және экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтікқұқықтық сипаттағы күрделі және көп қырлы мәселелер қарастырылады. Ең бастысы, жаңа, неғұрлым озық өндірістік бірліктерді құру проблемалары, экономика субъектілері арасындағы өндіріс пен экономикалық сипаттағы қарым-қатынастардың сапалы өзгеруі атап өтілді. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің төмендігінің себептерінің бірі жабдықтар мен негізгі құралдардың жоғары моральдық және күш қуаты жағынан нашарлауы болып табылады. Бұдан басқа, ол үкіметке белгілі бір функциялар арқылы іске асырылуы тиіс ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету проблемалары талданады. Мемлекеттің маңызды функциясы нарықтық қатынастардың тиімді субъектілерін қалыптастыру және көбейту болуы тиіс. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінде, оның өңірлерінде, бизнес-құрылымдарында нарықтық қатынастардың тиімді субъектілерін тұрақты түрде қалпына келтіру үшін қолайлы ортаны құруға байланысты мемлекеттің рөлі ғылыми негізделген нысандарды, әдістерді, тетіктерді, оқытуды және қайта даярлауды қолдануы тиіс. Түйін сөздер: агроөнеркәсіп кешені, аграрлық заңнама, ауыл шаруашылығы, ауылшаруашылық кооперативі, елдің азық-түлік қауіпсіздігі, сапалы өнімділік, ауыл шаруашылық қатынастары, жер құқығы, экологиялық құқық, мемлекеттік механизм.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-25

Журналдың саны

Бөлім

NATURAL RESOURCES AND ECOLOGY LAW