Қазақстан және Қытай арасындағы банк саласындағы қарым-қатынастың дамуы

Авторлар

  • А.Е. Zhatkanbayeva
  • K.M. Kozhabek
  • M.N. Umbetov
  • E.B. Zhatkanbayev

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v90.i2.08

Аңдатпа

Қазіргі экономикалық жағдайда банк секторы қызметінің тиімділігі мемлекеттің қаржылықэкономикалық жүйесін дамытып ғана қоймай, сондай-ақ тұтастай алғанда ұлттық экономиканың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жаһандану үрдістерін және қаржы нарықтарының либерализациясын, сондай-ақ қаржылық қызмет тұтынушыларының сұранысын ескере отырып, банк секторына ғалымдар да, банк мекемелерінің басшылығы және әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың назары арта бастады. Мұның бәрі Қазақстан Республикасының банк секторына ерекше қызығушылық тудырады. Мақалада қытай банктерін банк жүйесіне енгізу жағдайында Қазақстан Республикасының банк секторының даму ерекшеліктері қарастырылады. Елдегі және жаһандық қаржы кеңістігінде қытай банктерінің жұмысының мысалында Қазақстанның банк жүйесіндегі заңнаманы жетілдіру жолдары туралы ұсыныстар жасалды. Қаржы нарығындағы қазіргі жаһандық үрдістерге сәйкес, банк секторы өзінің қызметін сапалы жаңа деңгейге шығарады, бұл оның талдауына және Қазақстан Республикасында өз құрылымының ерекшеліктерін анықтауға әкеледі. Қазақстан Республикасының банк секторының қазіргі жағдайы жаһандану үрдістері жағдайында талданды. Қазақстан Республикасының банк секторының дамуына әсер ететін негізгі факторлар анықталды. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының банк секторының дамуының бағыттары мен мәселелері анықталды. Түйін сөздер: банк құқығы, банк жүйесі, шетел банкі, банк заңнамасы.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-25

Журналдың саны

Бөлім

INVESTMENT AND FINANCIAL LAW