Жұмыс берушінің актілерін қолданудың және жеке еңбек дауларын қараудың кейбір мәселелері: еңбек қатынастары саласындағы заңнама нормаларын қолдану шарттары

Авторлар

  • D. Ryskaliyev
  • A.D. Orazgali
  • M. Abay

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v90.i2.05

Аңдатпа

Мақала мазмұнында әлеуметтік экономикалық салаға қатысты, жекелеген еңбек дауларын құқықтық реттеу, қарау мәселелері бойынша еңбек дауларын заңды тұлғалар деңгейінде қарау жөніндегі заңнамалық актілердің нормаларын қолданудың теориялық және тәжірибелік сұрақтары зерттеуге алынған. Еңбек дауларын сот өндірісі тәртібінде қарау шарттары жеке қарастырылған. Заңнамалық актілерді жүзеге асыруға бағытталған жұмыс берушінің актілерін және басқа да ішкі құжаттарды дайындау тәртібі сараптамаға алынды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы мен Кәсіподақтар федерациясының Төрағасымен 2018 жылдың 19 наурызында қол қойған Меморандумы негізінде құрылған «Татуластыру орталығы» бойынша кейбір мәселелер зерттеуге алынды. Зерттеу пәні болып табылатын барлық мәселелер Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 «Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат концепциясына», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және басқа заңнамалық актілерге негізделген. Зерттеу тақырыбы бойынша еңбек дауларын қарау жөніндегі келісім комиссиясының қызметі бойынша дайындалатын құжаттар, оларды қарау деңгейі мен мерзімі сараптамаға алынды. Құжаттарды қалыптастыру мәселелері бойынша іс номенклатурасын дайындау шарттары, оның маңызы мен қолданылуы зерттеуге алынды. Түйін сөздер: жұмыс берушінің актісі, Келісім комиссиясы, еңбек қатынастары, өндірістік орта, еңбек жағдайы, ұжымдық шарт, еңбек шарты, құрылымдық бөлімше.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-25

Журналдың саны

Бөлім

CIVIL LAW AND LABOR LAW