Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JAPJ.2019.v89.i1.018Аңдатпа
Бұл мақалада автор жедел-іздестіру қызметі теориясының жедел-іздестіру іс-шараларын
өткізудің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін қарастыру бөлігіндегі бағыттарының
өзектілігін арттырады. Бұл мақаланың мақсаты жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижелерінің
түсінігін, мазмұнын, жүргізу мен пайдалануды зерделеу мен талдау болып табылды.
Зерттелетін сұрақтың өзектілігі қылмыстарды ашу бойынша жұмыстың көбінде заңдылықтың,
адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қадір-қасиетін құрметтеу, азаматтардың
заң алдындағы теңдігі қағидаттарына негізделген, астыртын әрекет ету, жария және жария
емес әдістерді ұштастыру, кәсіби әдеп негізінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының
нәтижесінде алынған материалдарды пайдаланумен уағдаласқан. Осыған байланысты автор
жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілерін
қарастыруды ұсынады.
Автормен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық аспектілерін
жетілдіру бағыттары, атап айтқанда: жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аспектілерін
ғылыми, әдістемелік қамтамасыз ету, кешенді тәсілдеме арқылы зерделеу негізделеді.
Зерттеудің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Жедел-іздестіру
қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-XIII заңы,
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексі № 231-V ҚРЗ 2014 жылғы 4 шілдедегі
құрайды.
Мақаланың теориялық маңыздылығы – жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларын кешенді
зерттеуде, олар жөнінде білімді жүйелендіруде.
Осы мақаладағы жасалған қорытындылар оқу процесінде және жедел-іздестіру қызметінің,
жедел-іздестіру іс-шараларын өткізудің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін жетілдіру
бойынша практикалық жұмыстың құқықтық негіздерін жетілдіру жөніндегі сұрақтар бойынша
ғылыми-зерттеу қызметінде пайдалануы мүмкін.
Түйін сөздер: жедел-іздестіру қызметі, жедел-іздестіру заңнамасы, жедел-іздестіру
қызметінің принциптері, жедел-іздестіру іс-шаралары.
